
1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздер алғаш рет бекітілді. Егемендіктің мызғымас негіздері – Ту, Елтаңба және Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды.






