
2026 жылғы 11 маусымда «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК психиатр-дәрігері Т.Т. Колйшибеков №3 қалалық емхананың СӨС дәрігері Изим Айдана Садибековнамен және әлеуметтік қызметкер Зябликова Ирина Михайловнамен бірлесіп Басқару колледжінде «Синтетикалық есірткілер, есірткіге тәуелділіктің клиникалық ерекшеліктері, психикалық денсаулыққа әсері» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара 2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге орай ұйымдастырылған нашақорлықтың алдын алу айлығы аясында өткізілді.






