Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп, Есірткі құралдарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күніне орай ұйымдастырылатын Ашық есік күніне елорда тұрғындары мен қонақтарын қатысуға шақырады.
Іс-шара халықтың психоактивті заттарды қолданудың салдары, тәуелділіктің алдын алу шаралары, сондай-ақ психологиялық, медициналық және әлеуметтік көмек алудың қолжетімді мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Іс-шара бағдарламасында:
-психикалық денсаулық саласындағы мамандардың (балалар психиатрларының, психологтардың, балалар мен ересектерге арналған психиатр-наркологтардың) консультациялық қабылдауы;
-тәуелділіктің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру дәрістері мен әңгімелер;
-интерактивті викториналар мен тақырыптық іс-шаралар;
-психикалық денсаулықты сақтау және нығайту, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың алдын алу мәселелері бойынша қатысушыларға консультациялар беру.
Баршаңызды іс-шараға қатысуға, тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмірсалты және психикалық денсаулықты сақтаудың заманауи тәсілдері туралы көбірек ақпарат алуға шақырамыз.
Өтетін күні: 2026 жылғы 26 маусым
Уақыты: сағат 09:00
Өтетін орны: Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығы, Астана қаласы, ЭКСПО ауданы, Хусейн бен Талалкөшесі, 7.
Кіру тегін.
Қатысу мәселелері және қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
8 (7172) 33-14-06,
8 (702) 075-15-99.


