Дағдарыс орталығының сенім телефоны 8 (7172) 54-76-03

Жемқорлыққа қарсы комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет - бұл Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК тәуелсіз құрылымдық бөлімшесі және сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесінің субъектісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызмет Кәсіпорын әкімшілігіне ұйымның тиімді жұмысы, қызметкерлердің жеке және кәсіби өсуі, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, ресурстарды оңтайлы пайдалану және соның салдарынан халықтың психологиялық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін жалпы жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет мынадай іс-шараларды жүргізеді:

  1. ақпаратты, оның ішінде орындалуы міндетті сұрау салулар, қызметкерлер мен пациенттердің өтініштерін қабылдау, сауалнамалар жүргізу және т. б. жолымен жинайды.
  2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің ақпаратын талдайды және ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізеді
  3. этиканың сақталуын қадағалайды
  4. ішкі құжаттарды әзірлеуге қатысады
  5. корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді
  6. нормативтік құқықтық актілерді түсіндіреді
  7. сапа стандарттарын енгізеді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу түсініледі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау сөзсіз бюджет қаражатын әділетсіз бөлуге және жұмсауға, медициналық көмек көрсету сапасының нашарлауына, адамдардың құқықтарына нұқсан келтіруге, қоғамдық қатынастардың деградациясына әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау үшін емес, парасатты азаматтарды теріс қылықтар жасауға мәжбүрлейтін себептер мен жағдайларды іздеу үшін құрылған.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекіту туралы


1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы ереже

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

4. Лауазымды адамдар мен қызметкерлер мүдделерінің қақтығысын реттеу ережелері

5. Күдік келтіру туралы хабарлау туралы ереже

6. Корпоративтік этика мен тәртіп кодексі

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі іс-шаралардың ішкі жоспары


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы Анонс 05.07.2024ж.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс 20.05.2024ж.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс 18.05.2023ж.


Жауапты тұлға:

  • Корчагин Илья Викторович – компланс-офицер, тел.33-17-71

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат

1424 тегін нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы.




 

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.