Біз туралы

Астана қаласы әкімі А. Кульгиновтің 05.02.2020 жылғы "Астана қаласының Денсаулық сақтау ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 106-263 қаулысына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "психикалық денсаулық медициналық орталығы" МКК және Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Наркология және психотерапия орталығы" МКК біріктіру жолымен Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық психикалық денсаулық орталығы" қалалық коммуналдық кәсіпорнына қайта ұйымдастырылды.

Қайта ұйымдастыру туралы қаулы


Мақсаты

Психикалық мінез-құлық бұзылыстарының алдын алу, ерте анықтау және халыққа мамандандырылған психиатриялық (наркологиялық, психотерапиялық, медициналық-психологиялық және медициналық-әлеуметтік) көмек көрсету.

Миссия:

Дәлелді медицина қағидаттарына негізделген қолжетімді пациентке бағдарланған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы Қазақстан Республикасы халқының психикалық денсаулығының жоғары деңгейін және әлеуметтік саламаттылығын қамтамасыз ету.

Пайымдауы:

Қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті кадрлық әлеует пен инновациялық технологияларды қолдана отырып, медициналық-әлеуметтік қызметтердің кең спектрін көрсету арқылы психикалық денсаулық саласында көшбасшылық орынға ие болу.

Құндылықтар және этикалық қағидаттар

1.Кәсібилік – барлық білімді, тәжірибеңні және мүмкіндіктерді психикалық және мінез-құлық ауруларын (бұзылуларды) емдеу мен алдын алуда жоғары нәтижеге жетуге бағыттау.

  1. Пациентке бағдарлану– кәсіби кадрлық ресурстарды толыққанды пайдалану арқылы әрбір пациентке және оның туыстарына аурудың ауыртпалығымен күресте көмектесуге деген шынайы ықыластың болуы.
  2. Сыйластық –пациенттің жеке басын құрметтеу, адамның толыққанды өмір сүруде құқықтарын сақтау
  3. Корпоративтілік– жұмысы өзара құрмет пен сенімге негізделген кәсіби мамандардың жұмылған ұйымшыл командасы
  4. Ашықтық – пациенттер, әріптестер және қоғам алдындағы адалдық, ұқыптылық және объективтілік.

Біздің орталықтың басты құндылығы - адамдар мен олардың денсаулығы. Біз пациенттеріміздің физикалық, эмоционалды және әлеуметтік қажеттіліктерін түсінеміз және олардың психикалық денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға жұмыс жасаймыз.

Біздің ұранымыз:  «Жаның сау болмаса, денің сау болмайды

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.