Азаматтардың жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгіну ережесі

1. Диспетчердің қоңырау қабылдауы кезінде скрининг рәсімі

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 ж. № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары скрининг және дұрыс (қолайлы) көлік түрін анықтау үшін басшылық болып табылады, оларға сәйкес шақырулардың барлық себептері жеделділіктің 4 (төрт) санатына бөлінеді:

1) жеделділіктің 1 (бірінші) санатын шақыру - пациенттің өміріне тікелей қатер төндіретін, дереу медициналық көмек көрсетуді талап ететін жай-күйі;

2) жеделділіктің 2 (екінші) санатын шақыру - пациенттің медициналық көмек көрсетусіз өмірге әлеуетті қатер төндіретін жай-күйі;

3) жеделдіктің 3 (үшінші) санатын шақыру – пациенттің медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа әлеуетті қатер төндіретін жай-күйі;

4) жеделділіктің 4 (төртінші) санатын шақыру – жіті аурудан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз, пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кездегі пациенттің жай-күйі.

Жедел мамандандырылған психиатриялық көмек бригадасы жеделділіктің 2 және 4-санаттағы  шақыртуларына қызмет көрсетеді.

Жеделділіктің 2-ші санатын шақыру - әртүрлі этиологиядағы психоздар. Мейігердің шақыруды қабылдау уақыты 3 минуттан аспайды. Мейіргерден СПКБ бригадасына дейін шақыртуды қабылдау уақыты 1 минуттан аспайды. Бригада шыққан сәттен бастап шақыру орнына келген сәтке дейінгі уақыт 15 минутқа дейін.

Пациенттің психикалық жай-күйі оған және айналасындағыларға қауіп төндіретін жағдайларда, СПКБ-ны шақыруға белгіленген уақытта қызмет көрсету мүмкін болмаған кезде қабылдау бөлімшесінің мейігері қызмет көрсетілетін мекенжайға «102» полиция қызметкерлерін шақыруы тиіс.

Жеделдіктің 4-санатын шақыру - жіті аурудан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз, пациенттердің өмірі мен денсаулығына тікелей қатер болмаған кездегі пациенттің жай-күйі. Бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін.

Психикалық денсаулық саласында жедел медициналық көмек көрсетудің үш деңгейі бар:

  • Қызыл деңгей – жеделділіктің 2 санатты шақыруына жатады;
  • Сары деңгей – жеделділіктің 4 санатты шақыруына жатады;
  • Жасыл деңгей – БМСК деңгейінде психиатр-дәрігердің жоспарлы тексеруін қажет ететін пациенттер шақырулары жатады.
  • Стационарға емдеуге жатқызуға айғақтар болмаған кезде немесе пациент емдеуге жатқызудан бас тартқан кезде СПКБ көшпелі бригадасы учаскелік психиатр-дәрігерге 086/у нысаны бойынша сигнал парағын, қажет болған жағдайда психиатриялық куәландыруды жүргізуге өтініш (үйде куәландыру жүргізілген жағдайда) ресімдейді.
  1. СПКБ бригадасының шығуын талап етпейтін жағдайларда, мейіргер пациентке медициналық көмекке жүгіну үшін  БПДО координаттарын (мекенжайын, телефонын) ұсынады.
  2. Халыққа жедел медициналық көмек көрсету процесінде СПКБ бригадасы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде шақыруға қызмет көрсету Ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
  3. Ішкі істер органдарының өкілдері болмаған жағдайда, СПКБ бригадасының қызметкерлері қабылдау бөлімшесінің мейіргеріне мобильді байланыс арқылы СПКБ бригадасы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қатер төнгені туралы хабарлайды, шақыру орнынан кетеді және СПКБ ішкі істер органдарының өкілдері келгенге дейін автомобиль салонында күтеді. Шақыруға одан әрі қызмет көрсету Ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.