Медициналық куәландыру кабинеті бар қабылдау бөлімшесі

Психоактивті заттарды қолдану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру кабинеті бар қабылдау бөлімшесі

 

Қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Айткожин Данияр Батырулы

Бірінші біліктілік санаттағы психиатр-нарколог дәрігер

10 жылдан астам еңбек өтілі бар психиатр-нарколог дәрігер.

Қабылдау бөлімшесі мен қарқынды терапия палатасының қызметіне басшылық жасауды, емдеу-диагностикалық үдерісті үйлестіруді, шұғыл және жоспарлы мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Психикалық және наркологиялық бұзылыстары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және жүргізу бойынша, оның ішінде ауыр абстиненттік синдромдары, психоздық жай-күйлері, тоқтату синдромы, психиатрия мен наркологиядағы шұғыл жағдайлары бар пациенттермен жұмыс істеуде практикалық тәжірибесі бар.

 

Наркологиялық блоктың қабылдау бөлімі наркологиялық бұзылыстары бар пациенттерді тәулік бойы қабылдауды, жоспарлы және шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды, сондай-ақ диагностика жүргізу, мамандандырылған медициналық көмек көрсету және емдеу мақсатында ересек тұрғындарды алғашқы психоздық эпизодпен ауруханаға жатқызуды жүзеге асырады. Психикалық әсері бар заттарды қолдану фактілерін анықтауға арналған медициналық куәландыру кабинеті бар. Қабылдауды тәжірибелі дәрігер-наркологтар жүргізеді. Бөлімше тәулік бойы жұмыс істейді.

Медициналық куәландыру кабинеті психикалық әсері бар заттарды, алкогольді, есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын қолдану фактісін анықтау және соған байланысты жағдайды айқындау мақсатында тәулік бойы медициналық куәландыру жүргізеді.

Қабылдауды наркологиялық қызмет саласында жұмыс тәжірибесі бар білікті дәрігер-наркологтар жүргізеді. Медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін қолдана отырып жүргізіледі.

Кабинеттің негізгі міндеттері:

  • масаңдық жағдайына медициналық куәландыру жүргізу;
  • психикалық әсері бар заттарды қолдану фактілерін анықтау;
  • белгіленген жағдайларда зертханалық зерттеулер үшін биологиялық орталарды алу;
  • медициналық құжаттаманы ресімдеу және белгіленген тәртіппен қорытындылар беру.

Медициналық куәландыру кабинеті тәулік бойы жұмыс істейді, халыққа мамандандырылған наркологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ