Мереке балаларға қуаныш сыйлау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және жағымды эмоциялар қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар түрлі ойындарға қатысып, қызықты тапсырмалар орындап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Мерекелік іс-шараға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері арнайы қатысып, балаларды мерекемен құттықтады. Қонақтар бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстап, ізгі тілектерін жеткізді.
Қамқорлық орталығы тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу және психикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға кешенді оңалту және қолдау көрсетеді. Мұнда дәрігерлер, психологтар, логопедтер, дефектологтар мен басқа да мамандар балалардың денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуіне және өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізеді.
Балалардың күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің басты көрінісіне айналды. Осындай іс-шаралар балалардың қоғамға бейімделуіне, өздерін сенімді сезінуіне және жаңа достар табуына мүмкіндік береді.

