Орталықтың соңғы жаңалықтары

Қалалық дәрігерлік конференция өтті

2024 жылғы 27 мамырда «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Астана қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен, Академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының салауатты өмір салты орталығымен, «Астана медицина университеті» КЕАҚ, сондай-ақ «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасымен бірлесіп, 2024 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған нашақорлықтың алдын алу айлығы шеңберінде «синтетикалық есірткілер, есірткіге тәуелділіктің клиникалық ерекшеліктері, психикалық денсаулыққа әсері» атты қалалық дәрігерлік конференция өтті.

Іс-шара МСАК психиатрлары наркологтары, СӨС ұйымдастырушыларының дәрігерлері, сондай-ақ «Астана медицина университеті» КЕАҚ 5-7 курс студенттері, интерндер дәрігерлері және резиденттері үшін өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жұртшылықтың назарын ПБЗ жаңа түрлерін қолданудың алдын алуға аудару, есірткінің теріс салдары туралы хабардар ету және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру болып табылады. Конференцияға қатысушыларға «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры Қойшин Бақытжан Тельманұлы құттықтау сөз сөйледі

Академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының салауатты өмір салты орталығының басшысы Шыңғыс Болатұлы Байқубенов Елордада өткізілетін профилактикалық іс-шаралар туралы айтып берді.

Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қибатқызы Әлия «Жасөспірімдердіңе нашақорлығының алдын алу» атты баяндамасын оқыды.

«Жылдам опиоидты детоксикация әдісі» баяндамасы. ПС 054 тобының резиденті Женжера Регина Викторовна. Психиатрия және наркология кафедрасының ғылыми жетекшісі, ассистенті Шабденов Мурагер Муратович

«Дәріханалық нашақорлық. Замануи тұтыну трендтері» баяндамасы,  6 курс студенті Чукуров Аян. Ғылыми жетекшісі, психиатрия және наркология кафедрасының Кусаинов Алмас Абихасович.

«Синтетикалық каннабиноидтарға тәуелділікті ерте диагностикалау мен алдын алудың клиникалық ерекшеліктері» баяндамасы. 1 жыл резидент  Дюсенгазы Бексултан Сырланулы ғылыми жетекшісі доцент, м. ғ. к. Кулмуканова Куралай Какешевна.

Баяндама: «Мефедрон – қазіргі заманның есірткі эпидемиясы». 1 жыл резидент  Калинчук Марям Алексеевна. Ғылыми жетекшісі психиатрия және наркология кафедрасының доценті Кусаинов Алмас Абихасович.

Конференция қорытындысы бойынша барлық резидент-баяндамашылар мен ғылыми жетекшілер есірткіге қарсы профилактикалық жұмысқа белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Баяндамаларды аудитория қызығушылықпен қабылдады, спикерлерге сұрақтар қойылды. Талқыланды…

Директордың емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары Директордың емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары Данияр Сағымбайұлы Шалтақов 054 - ПС тобының резиденті -  баяндамашысы Мария Семенковаға грамота табыс етеді.

Директордың емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары Шалтаков Данияр Сагимбаевич кафедра ассистенті Альфия Маратқызы Жантлиеваға грамота тапсырды.

 

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.