Орталықтың соңғы жаңалықтары

Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні

2 сәуір –Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні

Бұл күн аутистикалық спектрдің бұзылуынан зардап шегетін балалар санының артуына алаңдаушылық білдірген БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен белгіленді. Бұл күн аутизм туралы хабардар болуды арттыруға және аутистер үшін басқа адамдармен тең дәрежеде барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету және көтермелеу мүмкіндігін қалыптастыруға арналған.

ДДҰ мәліметтері бойынша 160 адамның 1-і аутизммен зардап шегеді және бұл адамдар саны жыл сайын артып келеді. Сондай-ақ, Қазақстанда аутистикалық спектрі бұзылған балалар санының артқаны байқалады, елімізде 2024 жылдың басында осы диагнозбен 9 мыңнан астам адам тіркелген.

Аутизм, дәлірек айтсақ, аутистикалық спектр бұзылысы (AСБ) – бұл қарым-қатынас процесінде және басқа адамдарға ақпарат беруде -  әлеуметтік өзара іс-қимыл мен коммуникацияның бұзылуымен сипатталатын психикалық бұзылыстар тобы. Аутизм кезінде шектеулі, таптаурындық, қайталанатын мінез-құлық байқалады.

Әр пациенттерде бұзылыстар әр түрлі дәрежеде көрінеді, бұл ретте оларда сөйлеу және зияткерлік дамудың бұзылуы боолуы да, болмауы да мүмкін. Аурудың алғашқы белгілері нәресте немесе ерте балалық шақта байқалады, әлеуметтік қызмет пен мінез-құлық ерекшеліктерінің ауытқулары өмір бойы сақталады.

Педиатр дәрігер балада аутизмге күмән келтіре алады, аутизм диагнозын тексеру психиатр-дәрігердің құзыретінде. Заманауи тәсілдерге, сондай-ақ клиникалық хаттамаға сәйкес, AСБ диагнозында жас шектеулері жоқ екенін атап өткен жөн. 18 жасқа дейін AСБ диагнозы қойылған науқаста диагноз 18 жасқа толғаннан кейін де сақталады.

Бүгінгі күні AСБ-ның тікелей емі жоқ. АСБ-ны емдеудің негізгі әдістері негізінен дәрілік емес сипатта болады. Оларға AСБ-мен  адамды әлеуметтендіруге бағытталған білім беру және психологиялық көмек кіреді, көмек неғұрлым ерте басталса, баланың даму болжамы соғұрлым жақсы болады. Қазіргі уақытта AСБ негізгі белгілеріне әсер ететін бірде-бір дәрі-дәрмек және бірде-бір таза медициналық ем мақұлданбаған.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі АСБ-мен балаларға медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуде.

Осылайша, 2021 жылы «Аутистикалық спектрдің бұзылуы» клиникалық хаттамасы әзірленіп, бекітілді, ерте жастағы балаларға арналған аутизмге арналған М-CHAT скринингтік тесті МСАК дәрігерлерінің жұмысына енгізілді, салауатты өмір салтын насихаттау, МСАК кезінде жеке оқыту жолымен босанатын әйелдерге қатысты профилактикалық шаралар күшейтілді. Бұдан басқа, елімізде 2020 жылдан бастап «Қамқорлық» бастамасы іске асырылуда, оның шеңберінде іске асырылған сәттен бастап 16 ерте араласу орталығы ашылды.

Орталықтардың қызметі балалардағы ерте мүгедектікті анықтауға және алдын алуға бағытталған. Дамуында ауытқулары бар және олардың туындау қаупі бар жас балалар абилитациялық және оңалту көмегін алады, сондай-ақ тексеруден өтеді. Ағымдағы жылғы 18 наурызда Министрлік «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-мен (бұдан әрі – РПДҒПО) бірлесіп, АСБ-мен балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналар мен сарапшылар қауымдастығымен (онлайн форматта) кездесу ұйымдастырды және өткізді.

Кездесуде аутизмді ерте диагностикалау және емдеу мәселелері, сондай-ақ МӘСК үшін тексеру тізбесіне, АСБ және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту, диагностикалау және емдеу нысанын таңдауға қатысты мәселелер талқыланды. Мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.

2024 жылғы 28 наурызда Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпарат тарату күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі министрліктердің өкілдерімен және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп «Инклюзивті білім беру: ата-аналарды қосу» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелде АСБ-мен балаларға көмек көрсету әдісі ретінде емдік педагогика, ата-аналардың осы балаларды тәрбиелеудегі рөлі, сондай-ақ АСБ-мен балалардың ата-аналарын инклюзивті білім беру процесіне тартудың маңыздылығы талқыланды.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.