Орталықтың соңғы жаңалықтары

Қалалық дәрігерлік конференция өтті

08.06.2023ж. Хусейн Бен Талал 7 мекенжайында орналасқан «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК акт залында «Синтетикалық есірткілер, есірткіге тәуелділіктің клиникалық ерекшеліктері, психикалық денсаулыққа әсері» тақырыбында қалалық дәрігерлік конференция өтті, ол «Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне» арналған айлық аясында орайластырылды. Конференцияның ұйымдастырушылары: «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК, Астана қаласы полиция департаментінің  ЕБКД, «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасы және СӨСҚ қалалық орталығы.

Конференцияға 60-тан астам адам қатысты - учаскелік психиатрлар-наркологтар, СӨС дәрігерлері, профилактика бөлімшесінің меңгерушілері, психологтар және қаланың БМСК емдеу мекемелерінің жастар орталықтарының психикалық денсаулық саласындағы басқа да мамандары, «МУА» КЕАҚ резиденттері мен интерндері.

 

Іс-шараның мақсаты: негізгі мақсат - ББЗ жаңа түрлерін қолданудың алдын алуға жұртшылықтың назарын аудару, есірткінің теріс салдары туралы хабардар ету және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру.     

Конференция қатысушыларына кіріспе  сөз сөйлеген ҚПДО  директоры Қойшин Бақытжан Тельманұлы.

СӨСҚ МО директоры Хамзин Қанат Жайықұлы құттықтау сөз сөйлеп СӨС қалыптастыру жөніндегі іс шаралар туралы айтты.

ҚР астанасындағы есірткі бизнесімен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық және жедел жұмыс, есірткі жағдайының ерекшеліктері туралы жасөспірімдер нашақорлығының алдын алу» баяндамасымен ПД ЕБКД  алдын алу бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сергей Сергеевич Ильиных сөз сөйледі.

Конференция барысында үш баяндама ұсынылды:

Баяндама «Синтетикалық препараттарға тәуелділіктің клиникалық-диагностикалық ерекшеліктері» Резидент ПС  289 тобы,  Жексембаева Лаура Жұмабекқызы.Жетекшісі: м. ғ. к., доцент К.К. Кулмуканова.

Баяндамашы: 214 топ резиденті Еремеева Анастасия Андреевна. Ғылыми жетекшісі Иманбаева Алия Досымбековна «Ағзаның биологиялық орталарында есірткіні анықтаудың сапалық және сандық әдістері» баяндамасы

Баяндамашы: 214-тобының резиденті Романенко Карина Ривхатовна жетекшісіғ м. ғ. к. Кусаинов Алмас Абихасович  «Нашақорлық ауруларын емдеуде антипсихотиктерді қолдану ерекшеліктері» баяндамасы

Баяндамашы: 703 тобының студенті Айдана Алибековна, баяндама тақырыбы: Мефедрон – қазіргі заманның есірткі эпидемиясы»,

Конференцияға қатысушылар баяндамаларды қызығушылықпен қабылдады, сұрақтар қойылып, спикерлерден жауаптар алынды.

Конференция қорытындысы бойынша барлық баяндамашылар «ҚПДО» ШЖҚ МКК орталығының директоры Б. Т. Қойшиннің қолымен есірткіге қарсы профилактикалық жұмысқа белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Баяндамалар арасында есірткіге қарсы тақырыпта ұзақтығы 1-2 минут болатын бейнероликтер көрсетілді, нашақорлық проблемаларымен жұмыс істейтін мамандардың чаттары бойынша таратылды

Профилактикалық роликтер:

Синтетикалық есірткінің алдын алу мәселесі бойынша

Есірткі және алкогольдік масаңдықты диагностикалау бойынша роликтер

  • Ағзаның биологиялық орталарында есірткіні анықтаудың сапалық және сандық әдістері https://youtu.be/YdLMMD_zBqE -
  • Медициналық куәландыру жүргізу кезінде алкогольді сандық анықтау, https://youtu.be/3k0fX0GUmEo

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.