Орталықтың соңғы жаңалықтары

«Психикалық денсаулық пен тәуелділік ауруларын қорғаудың өзекті мәселелері» атты қалалық дәрігерлік конференция өтті

2022 жылғы 19 қазанда «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, сондай-ақ «Астана медицина университет» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасымен бірлесіп СӨС ұйымдастырушы дәрігерлерд, жастар денсаулық орталықтарының психологтары, Астана қаласының БМСК емдеу мекемелерінің психиатр-дәрігерлері үшін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған «Психикалық денсаулық пен тәуелділік ауруларын қорғаудың өзекті мәселелері» атты қалалық дәрігерлік конференция өткізді.  Конференцияға «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері, дәрігер-интерндері мен резиденттері қатысты.

Конференция қатысушыларына ҚПДО ШЖҚ МКК директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бектаева Гаухар Темиржановна  кіріспе сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушыларға Астана қаласының СӨС қалыптастыру орталығының директоры Хамзин Қанат Жаикович  кіріспе  сөз сөйледі.

Есірткіге тәуелділіктің психикалық денсаулыққа әсері,  есірткі бизнесіне және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық және жедел жұмыс, ҚР елордасындағы есірткі ахуалының ерекшеліктері туралы баяндамамен Астана қаласы ПД ЕКБ  профилактика  бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Кибатқызы Әлия сөз сөйледі.

Мамандандырылған психиатриялық көмек және оңалту жұмыстарын көрсету бойынша ақпаратты Орталықтың психиатр дәрігері Киричук Марина Витальевна баяндады.

Психологиялық  коррекцияның ерекшеліктері туралы өз сөзінде орталық психологы Есмуханова Гульнара Муратовна айтып берді.

Конференция барысында үш баяндама ұсынылды:

Баяндамашы: «АМУ» КЕАҚ дәрігер-резидент-психиатры  ПС196  тобының резиденті Кахарова Дильдора Шавкатовна, «Суицид, оның алдын алу» баяндамасын оқыды.

Баяндамашы: «АМУ» КЕАҚ дәрігер-резидент-психиатры, ПС196 тобының резиденті  Луговская Валерия Рустамовна, «Алкогольге тәуелділік және психикалық денсаулық» баяндамасын оқыды.

Баяндамашы: «АМУ» КЕАҚ резидент-психиатр дәрігері, резидент-дәрігер Галиакбарова Зубайда Билалқызы. «Аутизм, қазіргі заманның өзекті мәселесі ретінде, профилактика»  баяндамасын оқыды.

Конференцияға қатысушылар баяндамаларды қызығушылықпен қабылдады, сұрақтар қойды, спикерлер жауап берді.

Конференция қорытындысы бойынша барлық баяндамашылар Астана қ. СӨСҚ орталығының директоры Қ. Ж. Хамзиннің қолымен есірткіге қарсы профилактикалық жұмысқа белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Ісшара Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған іс-шараларды орындау  аясында СӨС ұйымдастырушы дәрігерлерге, жастар денсаулық орталықтарының психологтарына, Астана қаласының БМСК  емдеу мекемелерінің психиатр дәрігерлері үшін  өткізілді.

Өткізілген іс-шара туралы ақпарат Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің; «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК, СӨСФ орталығы және «Астана медицина университеті»КЕАҚ сайттарына орналастырылды.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.