Орталықтың соңғы жаңалықтары

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

Жыл сайын, 10 қазанда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнінің жаһандық мақсаттары психикалық бұзылыстың болуымен байланысты стигманы азайту, халықтың психикалық денсаулық қызметіне деген сенімін арттыру, психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау болып табылады.

Психикалық денсаулық - бұл адам өз мүмкіндіктерін жүзеге асыратын, өмірлік қиындықтар мен күйзеліске тиімді қарсы тұратын, өнімді саналы қызметті жүзеге асыратын және қоғамның дамуына үлес қосатын психологиялық және әлеуметтік әл-ауқат жағдай.

Көптеген психикалық бұзылулардың даму себептері аса айқын емес. Ғалымдар әртүрлі биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлар психикалық бұзылулардың өршуіне ықпал етуі мүмкін екенін анықтады. Көп жағдайда психикалық бұзылулар бірнеше мән-жайлардың жиынтығынан туындайды.

Психикалық бұзылулар  - мәні жағынан жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейінгі ауру  ауыртпалығының екінші себебі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі әрбір төртінші-бесінші адам қандай да бір психикалық немесе мінез-құлық бұзылыстарынан зардап шегеді. Әр түрлі мәліметтерге сәйкес, 10-50%    терапевт пациенттердің психикалық бұзылулар бар.

Қазіргі әлемде ең көп таралған психикалық бұзылыс - депрессия. Депрессиялық жағдайдан туындаған одан да күрделі мәселе -  өз-өзіне қол салу. Жыл сайын әлем бойынша 800 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсайды. Адамдардың басым бөлігі психикалық белсенді заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылыспен зардап шегеді (алкоголизм, нашақорлық). Олардың барлығы білікті психиатриялық көмекке мұқтаж.

Стресске төзімділік - бұл адамға ауыр жүктеме кезінде де сау және тиімді боп қалуға мүмкіндік беретін мінез-құлық қасиеттерінің жиынтығы.  Заманауи әлемде оның жылдамдығы мен ақпарат мөлшерімен стресске төзімділік тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де ең қажетті жеке қасиеттердің бірі десек болады.

Барлығымызда да стресстік жағдайларға түсіп қалатын кездер болады, бірақ ол кей адамның орнынан тұрып кетуіне ұзақ уақыт кедергі келтіреді, ал кейбірі оны байқамауы да мүмкін. Оның сыры – келеңсіз  жағдайлардан қалай дұрыс шығып кету керектігін білу.

Күйзелістен арылуға және стресске төзімділік деңгейін арттыруға көмектесетін бірнеше кеңестер ұсынамыз:

1.Уайым-қайғымен бөлісу: Сіздің мәселелеріңізді ешкім шешуге міндетті емес, бірақ кейде біреумен жай ғана сөйлесудің өзі маңызды.

2.Ұйқыны қандыру:  жақсы демалған сайын, күзелістен алыс боласыз

3.Жұмыс кестесін теңестіру.

4.Күн ішінде арагідік үзіліс жасап отыру

5.Тапсырмаларға басымдық беру: алдымени бірінші кезектегі міндеттерді шешу.

6.Жүктемені дұрыс бөлу.

7.Перфекционизмге қарсы тұру.

8.Барлығын бақылауға тырыспау

9.Позитивті ойлау.

Егер сіздің ресурстарыңыз шегіне жеткенін сезсеңіз, маманның көмегіне жүгінуден қорқудың қажеті жоқ.

Психикалық жағдайдың тұрақсыздығының белгілері: көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқының және тәбеттің бұзылуы, өнімділіктің төмендеуі, шаршау мен ашуланшақтық артады, ұйқы мен демалыс күндерінен кейін де шаршаңқы жүру, сүйікті істерді орындау кезінде қанағаттану сезімінің болмауы, басқалармен сөйлескісі келмеу.

Егер бұл белгілер сізді кем дегенде екі апта бойы мазалайтын болса, маманның көмегіне жүгіну керек.

Халыққа психиатриялық, психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Халыққа амбулаториялық және стационарлық жағдайларда, сондай-ақ күндізгі стационар жағдайында психиатриялық көмек көрсету қамтамасыз етілді.

Психикалық бұзылуларға стигматизацияны төмендету мақсатында бастапқы психикалық денсаулық орталықтарының желісі Нұр-сұлтан қаласының № 2,4,6,8,10 қалалық емханаларының базасында  құрылды. 

Болашақта бастапқы психикалық денсаулық орталықтарының санын көбейту жоспарлануда. Нұр-сұлтан қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында дағдарыстық психологиялық қызмет (шұғыл психологиялық көмек кабинеттері, тәулік бойы сенім телефоны) жұмыс істейді.

Стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсету кезінде пациенттерді   оқшаулауды барынша азайтып, қарқынды стационарлық технологияларды дамытуға, сондай-ақ бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес стационарда болудың орташа мерзімдерін сақтауға басты назар аударылады.

Кешенді психиатриялық, психотерапевтік, психологиялық және әлеуметтік қызметтерді (психиатр-дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер, еңбек нұсқаушысы) көрсететін мамандардың мультитәртіптік (полипрофессиялық) бригадаларының пациенттерге қызмет көрсетуімен психиатриялық көмек көрсетудің биопсихоәлеуметтік моделі енгізілді.

Нұр-сұлтан қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығының базасында психоәлеуметтік оңалту орталығы, емдеу-еңбек шеберханалары жұмыс істейді, онда пациенттер жаңа еңбек дағдыларын меңгереді.

Мұндай көмек алу туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде, Денсаулық сақтау мекемелерінің ақпараттық стендтерінде қолжетімді.

Пандемия басталып, COVID-19 ауруды  азайтуға бағытталған шектеу шараларын енгізгеннен кейін  көпшілігімізде күнделікті өмірде үлкен өзгерістерді бастан кешуге тура келді.

 Қашықтан жұмыс істеу, уақытша жұмыссыздық, балаларды қашықтықтан оқыту, достарымен және әріптестерімен байланыстың төмендеуі, коронавирустық инфекцияны жұқтырудан қорқу, қауіп-қатерге ұшыраған жақындары үшін алаңдаушылық біз үшін үлкен проблемаға айналды  және белгілі бір психологиялық қиындықтар туындатты.

Бұл жаңа өзгерістерге бейімделу оңай болмады. Пандемия кезеңінде шекаралық психикалық бұзылулармен  (мазасыздық, депрессиялық жағдайлар, соматогендік депрессиялар) ауру жағдайларының саны күрт өсті.

Консультациялық психиатриялық (психотерапиялық, психологиялық) көмек алу үшін:

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-ге жүгіну қажет.

Мекенжайы:  Хусейн бен Талал көшесі 7 (наркологиялық блок), І. Жансүгіров көшесі 12 (психиатриялық блок).

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.