Орталықтың соңғы жаңалықтары

«Қамқорлық» ерте араласу орталығының ресми ашылуы

2022 жылдың 5 шілдесінде балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығының ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры   Гибрат  Ауганов, «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева, «Қамқорлық қоры» КҚ директоры Еркинова Арайлым Еркінқызы, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы және астана әкімінің орынбасары Берік Жәкенов қатысты.

Ерте араласу орталығы өз жұмысын ағымдағы жылдың ақпан айында «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК базасында бастады. Жыл сайын даму бұзылулары бар және олардың пайда болу қаупі бар үш жасқа дейінгі 600 бала бейімдеу және оңалту көмегін алады, диагностикалық аудиологиялық тексеруден және жаңа жабдықтарда мидың ЭЭГ өтеді. Балалармен реабилитолог-дәрігерлерден, неврологтардан, ЕДТ нұсқаушыларынан, эрготерапевтерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың мультидисциплинарлық командасы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 217 балалар  кешенді ем алды.

«Қамқорлық» ерте араласу орталығының басшысы, дәрігер-реабилитолог Дина Талғатқызы Тәжібаева  Орталық жұмысының алғашқы қорытындылары туралы айтты:

«Оңалту курсынан кейін балалар қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеріп қана қоймай, сөйлеу және ойлау процестерін де жақсартады. Күнделікті өмір дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді. 22 бала өз бетінше ішуді, 14 бала тамақтануды, 27 бала отыруды, 13 бала еңбектенуді, 29 бала аяққа тұруды үйренді. Бұл сандардың артында мамандар мен ата-аналардың еңбегі, олардың сәбилердің сау болашағына деген сенімі бар»

Орталықтың ашылуында оңалту курсынан кейін алғашқы қадамдарын сенімді түрде жасаған бір жасар науқасқа дәстүрлі «Тұсау кесу» рәсімі өткізілді. Сонымен, уақтылы ерте қолдау баланың құрдастарымен қатар өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік береді.

Орталықтың негізгі мақсаты - балалардың ерте мүгедектігінің алдын алу. Сондықтан баланың өмірінің алғашқы айларынан бастап оған білікті жан-жақты көмек көрсету өте маңызды. Осылайша, уақтылы ерте қолдау көрсету кішкентай науқастарға дұрыс өмір сүруге және дамуға мүмкіндік береді.

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз:

+7 778 364 86 70

+7 771 376 54 37

+7 775 112 36 38

Біз мына мекен-жайы бойынша орналасқанбыз:

Нұр-Сұлтан қаласы, І. Жансүгіров к-сі, 12/7 («Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК)

Орталық туралы толық ақпаратты сілтемеге өту арқылы біле аласыз http://gcpz.kz/

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.