Орталықтың соңғы жаңалықтары

Тренинг

Алматы қаласында 2022 жылғы 19-20 сәуірде Республикалық психикалық денсаулық орталығы ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың қолдауымен опиоид агонистерінің қолдаушы терапия (ОАҚТ)  бағдарламасы туралы хабардарлықты арттыру бойынша тренинг ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен психикалық денсаулық орталықтарының және ЖИТС орталықтарының қоғаммен байланыс мамандары қатысты.

Тренингке қатысушылар ОАҚТ-ны Қазақстанда жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, пікірталастарға белсенді қатысты. «Стигма және дискриминация» таныстырылымымен танысып, материалды талқылады. Олар сонымен қатар ОАҚТ туралы ақпараттың ақиқатын, өтірігін және манипуляциясын анықтауға және мақалаға материал жазуда дұрыс лексиканы қолдануға үйренді.

Тренингтің басты оқиғасы қазақстандық ЛЖВ одағының директоры Оксана Ибрагимовамен және Бағдарламаға қатысушылар - ерлі-зайыптылар Амир мен Динамен (ескерту - барлық атаулар өзгертілген) кездесу болды. Қатысушылар өздерінің өмірлік тәжірибелерінде бағдарламаның маңыздылығын «Иә, ол шынымен де жұмыс істейді! Менің отбасым және үш балам бар, бізде бәрі жақсы!» деген сөздермен растады. Терапияға қатысушылармен тікелей қарым-қатынас жасау бұл бағдарламаның Қазақстан үшін қажеттілігіне күмән келтірмеді.

Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға, қосымша білім алуға және бар білімді жетілдіруге көмектеседі. Тренинг соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен сарапшыларға алғыстарын білдірді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.