Орталықтың соңғы жаңалықтары

Ауыр түрдегі ақыл-ой кемістігі бар балалардың өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру

Орташа және ауыр ақыл-кемістігі бар адамды оқыту мақсаты – барынша әлеуметтік бейімдеу.

Әлеуметтік бейімдеу мыналарды қамтиды:

  1. Қарапайым білім алуға, жалпы білім дағдыларын қалыптастыруға байланысты өздігінен пайымдау, ойлау дағдыларын мүмкіндігінше  қалыптастыру.
  2. Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерін дамыту

Ересектерде жады, зейін, пайымы бұзылған кезде сезімталдығы да төмендейді. Сөйлеуі де баяу, шекті немесе мүлдем дамымайды. Моториканың ауыр бұзылыстары байқалады, қозғалыстары үйлесімсіз болады. Өзін-өзі күту дағдыларын, оның ішінде гигиеналық дағдыларды қалыптастыру баяу

Алайда тіпті ауыр ақыл-ой кемістігі бар балалар  дамуға қабілетті келеді. олар ішінара өзіне қызмет дағдыларын қалыптастыра алады. Араласу дағдыларын  (сөйлеп немесе сөйлемей) да игереді. Әлем туралы түсінігін де кеңейте алады.

Айқын (ауыр) ақыл-ой кемістігі бар балалар

Балалардың бұл тобымен жұмыс істеу кезінде психикалық процестердің енжарлығын, ұсынылған ақпарат пен оған баланың реакциясы арасындағы үлкен жасырын кезеңді, жиі кездесетін қимыл проблемаларын ескеру қажет. осыған байланысты дағдыларды қалыптастыру баяу қарқында жүргізілуі тиіс. Бір қимылды қайта-қайта қайталауға тура келеді. киіну, тамақ ішу үшін ыңғайлы қалыпты дұрыс таңдау маңызды.

Мұндай топтағы балалармен ұзақ уақыт аралығында дағдылар не  болып жатқанына барынша назар аударумен педагогпен қол ұстасып жүріп  пысықталады: педагог балаға физикалық әрекетті жасауға көмектеседі, баланың қозғалысын бағыттайды, оны үйлестіреді. Мысалы, балаға қасықпен тамақ деулі үйреткен кезде баланың қолынан ұстап, дұрыс қозғалуды ұйымдастырады. Физиалық көмек біртіндеп азайтылады.

Бала бірінші күннен бастап әлеуметтік әдеттерге үйретіледі. Ол күнделікті қайталанатын тұрмыстық процестерден басталуы тиіс. ұйықтау, жуыну, шешіну, киіну, тамақ қабылдау, дәретханаға отыру және т.б.

Ақыл-ой бұзылысы бар балаларда мәдени-гигиеналық дағдылар мен өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру процесінде қиындықтар туындайды. Коррекциялық іс-қимыл арнайы құрылған бағдарламасының көмегімен оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Төменде көрсетілген ойындар арқылы ақыл-ой бұзылысымен балаларға мәдени-гигиеналық және өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға  болады.

Қызмет көрсету және тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру әдістері баланы еңбекпен тәрбиелеу жұмысында бастапқы кезеңді қамтиды. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға үйрету процесі  тұлғалық-бағдарлық тәрбиелеу үлгілерін есепке алып жүзеге асырылады және олардың өзіне қызмет көрсетуіне шынайы мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Өзіне қызмет көрсетуге ересек адамның ықпалымен қол жеткізген бала барынша ширақ, ересектерге аса тәуелді емес, өз мүмкіндігіне сенетін болып өседі. Нәтиже балада бар ауытқуларды  (психикалық та және тұлғалық та) түзетуге негіз болады және оның кейіннен әлеуметке аралауын қамтамасыз етеді.

Мамандандырылған білім алу мекемесінде білім алған кезде педагогтар балаларға мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырумен жұмыс істейді. Тәрбиешілер балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, дәретхананы қалай пайдалану керек екенін үйретеді.

Балалардың үнемі таза, ұқыпты болып жүргенін бақылайды. Балалар өзінің сыртқы келбетіне назар аударып, оны тәртіпке келтіру тәсілдерін игеріп, дағдыларды орындау үшін іс-қимылдың нақты дәйектілігін меңгереді.

Адамдардың өзіне-өзі қызмет етуі әр түрлі қызмет түрлерін қамтиды, олармен танысу балаларды өмірге, жұмысқа дайындауға ықпал етеді. Өзіне қызмет көрсету және тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру ойын, басқа да араласу нысанында оқу орындарында, демалыс лагерлерінде өтеді.

Сабақта тәрбиеленушілердің ойлау жүйесі кеңейеді. Бастамашылыққа бейімділігі қалыптасады, шығармашылық ойлауы дамиды. Теория мен практикада ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін өзін-өзі күту дағдылары физикалық жұмыс деп түсініледі. Алайда өзіне қызмет көрсетуде адам өмірде пайдаланатын қарапайым дағдылар да дамиды.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дене еңбегін (тұрғын үйді, киімді, жұмыс орнын, өзіне тамақ дайындау және т.б.) қамтиды; оқушылардың шығармашылық белсенділігін байқаулар, көрмелер, конкурстар арттырады.

Балаларға өзін-өзі күту дағдылары мен қабілеттерін тәрбиелеу оларды толығымен  өз бетінше өмір сүруге дайындауды білдірмейді. Ол оларды   қоғамдық  пайдалы іс-шараларға тарту, түрлі ұжымға араластыру, сондай-ақ олардың педагогика жағынан дұрыс дайындықта тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі болып табылатын өнімді жұмысқа қатысуы арқылы қол жеткізіледі.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге тәрбиелеу жүйесі қоғамдық пайдалы еңбектің саналы, мақсатты орындалуын, тәртіп пен ұйымшылдықты, ұжымның қоғамдық байлықты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін жауапкершілікті, серіктестік пен өзара көмек қатынастарын дамытуды қамтамасыз ететін барлық нысандар мен әдістерді қолдануы керек.

өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына оқыту:

  • арнайы ұйымдастырылған сабақтарда өтеді

Арнайы ұйымдастырылған сабақтар әңгіме түрінде еңбекпен тәрбиелеу сабақтары болуы мүмкін. Артынша балалар тапсырманы тәрбиешімен бірге орындайды. Мысалы, «Мойдодыр», «Ханшайым Тіс Щёткасы», «Федорино қайғы», «Сова тәтенің даналық ертегісі» сияқты видеофильмдер, мультфильмдер көреді. Онда балалардың өз-өзіне қызмет көрсету проблемасы жеткілікті толық көрсетіледі. Көрсетілімнен кейін осы мәселені түрсі процесі туралы сұрақтар қойылады, түсініксіз сәттерін барынша нақтылап, кейіннен оны шешеді.

  • тұрмыстық жағдайда өтеді

 Білім алатын тұрмыстық жағдай жасау, мысалы тағам дайындау, жұмыс орнын жинау және т.б. көмектеседі.

  • ойын

Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын үйренуге дайындық ойын түрінде өтеді. Сондықтан өзіне қызмет көрсету және тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру алдында білім алатын орта қалыптастырып, баланың айналасына тұрмыс заттары және олардың көшірмелері – ойыншықтар қою қажет. дағдыны игерудің жанама тәсілдеріне бағытталған ойындарды пайдалану қажет. мысалы қурышақ ойнау, жағдайды имитациялау.

Ерекшелік – ойынға қызығушылықты сақтау   эмоциялық жақсы қабылдаған кезде ғана болады. Ол үшін бір тапсырманы әртүрлі ресімдеп беруді қарастыру қажет, немесе тапсырма аса күрделі болмаған жөн.

Қызығушылық жоғалған кезде баланың дағдыны қалыатастыруы ұзаққа созылады не мүлдем қалыптаспауы мүмкін. әр ойын-сабақты жаңа сияқты өткізу қажет.

  • -өзіне және кіші балаларға күтім жасау кезінде

Бұл форма баланың қандай да бір дағдыны қаншалықты меңгергенін көрсетеді, сондай-ақ өзінің жақындарына қамқорлық жасауды үйретеді, бұл жағдайда олар  кіші балалар (дайындық сыныбы), сол арқылы оларда өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары мен тұрмыстық дағдыларды қалыптастырудың бастапқы "сатыларын" қалыптастырады.

Дағдыларды қалыптастырудың негізгі әдістемелік әдісі әр қарапайым әрекеттің орындалуын және олардың реттілігін көрсету болып табылады. Балаларды жаңа әрекетті орындау әдісімен таныстыру әрқашан әр қозғалысты олардың дәйектілігімен егжей-тегжейлі көрсетуді және барынша түсіндіруді қажет етеді.

Бұл ретте шешуші сәт баланың белсенді мінез-құлқы, яғни бұл әрекетті орындауға іс жүзінде қатысуы. Онсыз дағдыны игеруі мүмкін болмайды.

Балаға қалай киінуді қанша көрсетсең де, түсіндірсең де, ол нәтижесіз болып қалады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша еңбек тапсырмаларын қалай орындау керектігін егжей-тегжейлі көрсету және түсіндіру  балалардың жұмысқа тікелей қатысуымен болса,  олар   қажетті іс-қимыл әдісін, яғни орындау тәсілін жақсы меңгереді.

Киіну, жуыну, ойыншықтар мен материалдарды жинау әдістерін үйрену кезінде бір әдісті, бір  әрекеттерді  сақтау өте маңызды.

Бұл барлық балаға өзіне қызмет көрсету бойынша тапсырманы орындаған кезде бірдей  талап талап қою мүмкіндігін береді. Сонымен қатар берік дағдының жылдам қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Соңғысы белгілі бір дәйектілікпен бір қимылды  бірнеше рет қайталаудың арқасында қол жеткізіледі. Балаға қалай жасалатынан қайта-қайта көрсетуден, түсіндіруден қорықпау қажет.

Жалпы еске салу әдісі. Ол өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша кез-келген тапсырманы орындау дағдылары қалыптасқан кезде қолданылады. Бұл тәрбиешіден балалардың іс-әрекетін, ондағы әр өзгерісті мұқият бақылауды талап етеді.

Жалпы ескертулерге көшу қажеттілігі туралы сигнал балалардың жуынуға, киінуге деген қызығушылығының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Алайда, Мұның өзі  алаңдатарлық жәйт. Тәрбиеші ондайға жол бермеуге тырысады және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары мен тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру әдістемесін уақтылы өзгертіп отырады.

Көмегімен бала өзіне қызмет көрсетуді үйренетін негізгі тәсілдер:

  • ойынға бағытталған  ересек адаммен бірлескен әрекеттер (ересек адам баланың   қолынан ұстап, қажетті әрекеттер жасайды: қуыршақты тамақтандырады, серуендеу үшін  киіндіреді);
  • еліктеу  (ересек адам әрекетті көрсетіп, баланы қайталауға еліткен кезде, қажет болған жағдайда оған қолымен көмектеседі);
  • көрсету бойынша (ересек адам әрекетті көрсетеді, сосын бала оны қайталайды)

Осылайша, балаларда өзіне қызмет көрсету дағдылары мен тұрмыстық дағдыларды қалыптастырған кезде мына нысандарды пайдалануға болады:

1) арнайы ұйымдастырылған сабақ.

2) тұрмыстық жағдай.

3) ойындар.

Сондай-ақ мына әдістерді де пайдалануға болады:

1) өзіне және кіші балаларға күтім жасау.

2) әр қарапайым әрекетті әрбір қарапайым әрекеттің орындалуын және олардың реттілігін көрсету.

3) егжей-тегжейлі көрсету және түсіндіру.

4) жалпы еске салу әдісі.

5) Ересек адаммен бірлескен әрекет, еліктеу, көрсету.

Жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастыру кезінде күнделікті режимдік сәттерде дидактикалық ойындар мен арнайы жаттығуларды орындау негізгі рөл атқаруы керек.

Мамандардың пікірінше, мәдени-гигиеналық дағдыларды және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру сабақтары келесі кезеңдерді қамтуы тиіс:

  • дағдыға оң-эмоциялық қатынас қалыптастыру:
  • қуыршақпен және басқа да ойыншықтармен ойнау (обыгрывание навыка с персонажем):
  • педагогпен әрекетті көрсету (әр әрекетті көрсету және пікір білдіру):
  • баламен педагогтың бірлескен әрекеті:
  • ересек адамның іс-қимылына еліктеген баланың әрекеті:
  • баланың дербес әрекеті (өз қызметін жоспарлау,   баланың өзі әрекеттерді орындау кезеңділігіне пікір білдіру ).

 Өзін-өзі күту дағдылары мен күнделікті дағдыларды қалыптастыру баланың дамуында маңызды рөл атқарады, өйткені ол бірден өзін-өзі бағалауға қабілетті  бола түседі  және осылайша ол өзінің тәуелсіздігі жолындағы ең үлкен қадамын бастайды.

Сіз балаға белгілі бір дағдыларды игеруге көмектесе аласыз, бірақ бұл үшін қалыпты даму кезінде  балалардың көпшілігінде бұл дағды қашан және қандай көлемде қалыптасатынын білуіңіз керек.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.