Орталықтың соңғы жаңалықтары

    10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында

    10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығында алты жас психиатр-нарколог дәрігерді мамандыққа арнау салтанатты рәсімі өтті.

    Жас мамандар үшін бұл – ерекше күн. Алда оларды алғашқы дербес шешімдер, күрделі клиникалық жағдайлар, пациенттер алдындағы жауапкершілік пен кәсіби өсу жылдары күтіп тұр.

    Салтанатты шарада Астана қаласы Психикалық денсаулық орталығы басшысының орынбасары Алмагүл Тәукенқызы Айтжанова мен Орталықтың бейімдеу және тәлімгерлік орталығының жетекшісі Ольга Николаевна Комарова жас әріптестерін құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.

    Құттықтауларға Астана қаласының бас штаттан тыс психиатры, Психикалық денсаулық орталығы директорының ауруханадан тыс көмек жөніндегі орынбасары, жоғары санатты психиатр және психотерапевт Елена Николаевна Полиенко, жоғары санатты психиатр, бөлімше меңгерушісі Ерзат Төлеуқапасұлы Сармаев, сондай-ақ 35 жылдан астам медициналық еңбек өтілі бар жоғары санатты психиатр Айнұр Өмірханқызы Изекешева да қосылды.

    Тәжірибелі мамандар жас әріптестеріне кәсіби табыс, шешім қабылдауда сенімділік, шыдамдылық пен жауапкершілік тіледі. Олар психиатрия саласында терең медициналық біліммен қатар пациентке құрметпен қарау, оның жағдайын түсіне білу, сенімді қарым-қатынас орнату және әр адамға жеке көзқарас таныту ерекше маңызды екенін атап өтті.

    Аға буын әріптестері жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуге, күрделі клиникалық жағдайларда көмек көрсетуге және жас дәрігерлердің кәсіби қалыптасу жолында қолдау білдіруге дайын екендерін жеткізді.

    Ольга Николаевна Комарова өзінің еңбек жолын қалай бастағанын еске алып, тәжірибелі әріптестердің қолдауы қаншалықты маңызды екенін айтты.

    «Мен еңбек жолымды бастаған кезде жанымда көп нәрсе үйренген тәжірибелі дәрігерлер болды. Бүгінде де білім алуды тоқтатқан емеспін. Әрбір оқу барысында немесе жас әріптестеріммен клиникалық жағдайларды талқылаған сайын жаңа нәрсе үйренемін. Біздің мамандықта өмір бойы білім алу қажет. Орталығымызға теориялық дайындығы жоғары жас дәрігерлердің келгеніне өте қуаныштымын. Практикалық тәжірибе уақыт өте қалыптасады, ал біз әрқашан қастарыңыздан табылып, көмектесуге дайынбыз. Тағы бір еске салғым келетіні: пациенттердің психикалық денсаулығына қамқорлық жасай отырып, өз денсаулықтарыңызды да ешқашан ұмытпаңыздар», – деді Ольга Николаевна Комарова.

    Жас мамандар үшін бұл күн жай ғана салтанатты рәсім емес, әрбір қабылданған шешімнің артында адамның денсаулығы мен әл-ауқаты тұрған жауапты мамандыққа жасалған маңызды қадам болды.

    Жас әріптестерімізге өз күштеріне сенімділік, білікті тәлімгерлер, кәсіби табыс және пациенттердің алғысына бөленуді тілейміз!

    Мамандыққа қош келдіңіздер!

    #ДүниежүзілікПсихикалықДенсаулықКүні #ПсихикалықДенсаулықОрталығы #Астана #ПсихикалықДенсаулық

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    • 07
    • 08
    • 09
    • 091
    • 092
    • 093
    • 094
    • 095
    • 096
    • 097
    • 098
    • 099
    • 0991
    • 0993

     

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.