Орталықтың соңғы жаңалықтары

    ҚАЛАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

    Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің Психикалық денсаулық орталығында Ашық есік күні өтті.

    Іс-шара барысында келушілер психиатр-нарколог дәрігерлерден, балалар психиатрлары мен психологтардан тегін кеңес алды.

    Мамандар эмоционалдық жағдай, мазасыздық, күйзеліс, ұйқының бұзылуы, психикалық денсаулықты сақтау және тәуелділіктің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Келушілерге психикалық денсаулыққа уақытылы көңіл бөлудің, кәсіби көмекке жүгінудің және жақын адамдарға қолдау көрсетудің маңыздылығы түсіндірілді.

    Сонымен қатар қатысушыларға тәуелділіктің алдын алу, сенім телефонының жұмысы және психологиялық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық буклеттер таратылды.

    Елорда тұрғындары мамандандырылған көмекті қалалық Психикалық денсаулық орталығында ғана емес, қалалық емханалар базасында жұмыс істейтін бастапқы психикалық денсаулық орталықтарында (БПДО) да ала алады. Бұл орталықтарда психикалық денсаулық мәселелері бойынша көмек көрсететін мамандар жұмыс істейді.

    Психикалық денсаулық – сапалы әрі толыққанды өмірдің маңызды негізі. Психологиялық көмекке жүгіну – әлсіздіктің белгісі емес, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың көрінісі.

    Колл-центр:8 702 075 15 99

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    • 07
    • 08
    • 09
    • 091
    • 092
    • 093

     

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.