Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығында кәсіби қызмет барысында эмоционалдық күйіп кетудің алдын алуға арналған тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг барысында қатысушылар кәсіби күйіп кетудің себептері мен белгілері, созылмалы стресстің психикалық және физикалық денсаулыққа әсері, сондай-ақ эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау жолдары туралы ақпарат алды.
Практикалық бөлімде қатысушылар «Тепе-теңдік дөңгелегі», «Жаңбыр астындағы адам» жаттығуларын орындап, өздерінің эмоционалдық жағдайына назар аударды. Сонымен қатар күйзеліске қарсы тұруға, ішкі ресурстарды қалпына келтіруге және жағымсыз ойларды қайта қарауға бағытталған әдістермен танысты.
Мамандар эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу үшін жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау, өз қажеттіліктеріне көңіл бөлу және дер кезінде психологиялық қолдау алудың маңызды екенін атап өтті.
Өзгелерге көмектесу үшін ең алдымен өз психикалық денсаулығыңызға қамқорлық жасау маңызды.

