Орталықтың соңғы жаңалықтары

    Психоәлеуметтік оңалту орталығындағы «Алтын күз» күні

    Психоәлеуметтік оңалту орталығында Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

    Бұл күн Орталықтың қарт қызметкерлері мен арнайы шақырылған зейнеткерлерге көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Қонақтар үшін жүрекке жылу сыйлайтын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды: пациенттердің орындауындағы концерттік нөмірлер, жағымды тосынсыйлар мен сыйлықтар ұсынылды.

    Мерекенің әртүрлі ұрпақ өкілдерін бір ортаға біріктіріп, барлық қатысушыларға жылулық, қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны ерекше қуантады.

    Психоәлеуметтік оңалту орталығының өміріне белсенді атсалысып жүрген демеушілерімізге және барша азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

    Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында біздің іс-шараларымыз мазмұнды әрі жарқын өтуде. Ал әрбір адам өзін қажет, маңызды және қамқорлыққа бөленген жан ретінде сезінеді.

    Өмірдің алтын күзі әрдайым жылулыққа, құрметке және қуанышқа толы болсын!

    • 01
    • 02

     

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.