Орталықтың соңғы жаңалықтары

    Психикалық денсаулық сақтау қызметінің жұмысына көшпелі мониторинг жүргізілуде

    Бүгін, 2026 жылғы 11 қыркүйекте, Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығында психикалық денсаулық сақтау қызметінің жұмысына көшпелі мониторинг жүргізілуде.

    Мониторинг 2027–2030 жылдарға арналған менталдық денсаулықты сақтау жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу жұмыстары аясында өткізіліп жатыр.

    Мониторингтік топ құрамына бейінді мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері кірді. Мониторингтік топты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Алия Шайзадақызы Рустемова басқарады.

    Жұмыс барысында мамандар психиатриялық және медициналық-психологиялық көмекті ұйымдастыруды, кадрлардың даярлық деңгейін, клиникалық хаттамалардың сақталуын, медициналық көмектің сапасын, инфрақұрылымның жай-күйі мен материалдық-техникалық жабдықталуын бағалайды.

    Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау, пациенттерді бағыттау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылады.

    Көшпелі мониторинг аясында мамандар № 6 қалалық емхана мен City емханасының базасында жұмыс істейтін бастапқы психикалық денсаулық орталықтарына, сондай-ақ ерте араласу орталықтарына барды.

    Мониторингтік топ орталықтардың жұмысын ұйымдастырумен, халыққа көмек көрсету тәртібімен, пациенттерді бағыттау жүйесімен және түрлі қызмет мамандарының өзара іс-қимылымен танысты.

    Мониторинг қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер айқындалып, елорданың психикалық денсаулық сақтау қызметінің жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар беріледі.

    • 001
    • 01
    • 02
    • 03
    • 05
    • 06

     

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.