Орталықтың соңғы жаңалықтары

    Астанада суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың заманауи тәсілдері талқыланды

    10 қыркүйекте Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығында «Психикалық денсаулық және дәлелді психотерапия: ғылым мен практиканың пәнаралық диалогы» халықаралық форумы аясында «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу: дәлелді тәсілдер және көмектің пәнаралық модельдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

    Қазақстандық және шетелдік сарапшылар суицидтік тәуекелді ерте анықтау, оның предикторлары, дағдарыс кезіндегі көмек және одан кейінгі сүйемелдеу мәселелерін талқылады.

    Пәнаралық профилактикаға, білім беру ортасында тәуекелді ерте анықтауға, шұғыл психологиялық көмек кабинеттерінің жұмысына және түрлі қызмет мамандарының өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ конференцияда поственция, дағдарыстық жағдайлар, өзін-өзі зақымдайтын мінез-құлық және жедел суицидтік дағдарыстарды тоқтатудың заманауи тәсілдері қарастырылды.

    Халықаралық форум 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    • 07
    • 08
    • 09
    • 091
    • 092
    • 093
    • 094
    • 095
    • 096

     

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.