Орталықтың соңғы жаңалықтары

    Ведомствоаралық кеңес

    Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген «Әскери ортада құқық бұзушылықтар мен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жүйесіне прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру» тақырыбындағы ғылыми зерттеудің нәтижелері талқыланды.

    Сонымен қатар, профилактикалық іс-шараларды жетілдіру және әскери ұжымдардағы қолайлы психологиялық ахуалды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығының маманы психолог Александр Сергеевич Богатов агрессия, аутоагрессия және суицидтік мінез-құлық мәселелеріне арналған презентация жасады. Кеңеске қатысушылар үшін эмоционалдық күйзелісті (эмоционалдық қажуды) дер кезінде анықтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық тренингтер ұйымдастырылды.

     

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.