UNICEF-ның пилоттық бағдарламасы аясында өткен mhGAP «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» атты үш күндік тренингтің екінші легі өз мәресіне жетті.
Үш күн бойы қатысушылар жаңа білім алып, практикалық дағдыларын жетілдіріп, кәсіби тәжірибе алмасты.
Біздің басты мақсатымыз – алынған білімнің мамандардың күнделікті жұмысында тиімді практикалық құралға айналып, психикалық денсаулық бұзылыстарын дер кезінде анықтауға, балаларға, жасөспірімдерге және олардың отбасыларына сапалы әрі нәтижелі көмек көрсетуге, сондай-ақ пәнаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етуі.
Жинақталған білім балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін көмектің уақтылығын, қолжетімділігін және сапасын арттыруға қызмет ете берсін. Біз бірге өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығын қорғау жүйесін нығайта түсеріміз сөзсіз.

