Орталықтың соңғы жаңалықтары

Есірткі құралдарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күніне орай Ашық есік күні өтті

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығы Есірткі құралдарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күніне орай Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара барысында тұрғындар психиатрлардан, психологтардан және психиатр-наркологтардан тегін кеңес алып, психоактивті заттарды қолданудың зияны, тәуелділіктің алдын алу және психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша ақпарат алды.

Мамандар бүгінгі таңда ең үлкен қауіптің бірі – синтетикалық есірткілердің таралуы мен жастар арасында бірнеше психоактивті заттарды қатар қолдану екенін атап өтті. Мұндай жағдайлар тәуелділіктің қалыптасу қаупін арттырып, денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.

Психикалық денсаулықты сақтау, тәуелділіктің алдын алу және уақтылы көмекке жүгіну – әр адамның өз денсаулығына қосқан маңызды үлесі.

  • 001
  • 01
  • 02
  • 03

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ