Орталықтың соңғы жаңалықтары

ІІМ дабыл қағуда: интернетте балаларға бағытталған мақсатты «аңшылық» жүріп жатыр

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен жасөспірімдерге онлайн-груминг қаупі туралы ескертті. Онлайн-груминг – ересек қаскөйлердің интернет арқылы кәмелетке толмағандардың сеніміне кіріп, кейін оларға зиян келтіру мақсатында қолданатын қауіпті айла-тәсілі.

Көбінесе таныстық әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде немесе онлайн-ойындарда басталады. Қаскөй өзін жасөспірім ретінде таныстырып, балаға ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, біртіндеп оның сеніміне кіреді. Уақыт өте келе ол бала үшін маңызды әңгімелесушіге айналады.

Кейіннен жеке өміріне қатысты сұрақтар қойып, фотосуреттер жіберуді сұрауы немесе хат алмасуды құпия сақтауды талап етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, онлайн-груминг балалардың психикалық денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Психологиялық ықпал ету әдістерін қолдана отырып, қаскөйлер балада эмоциялық тәуелділік қалыптастырады, сыни ойлау қабілетін төмендетеді және қауіпті жағдайларды дер кезінде тану мүмкіндігін әлсіретеді. Оның салдары алаңдаушылыққа, қорқынышқа, кінә сезіміне, айналасындағыларға деген сенімнің жоғалуына және психологиялық жарақатқа әкелуі мүмкін.

Ата-аналар балалармен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін тұрақты түрде талқылап, олардың онлайн-қарым-қатынасына назар аударып отыруы қажет. Сондай-ақ күмәнді байланыстар туралы ересектерге бірден хабарлау маңызды екенін түсіндіру керек.

Баланың интернеттегі қауіпсіздігі ең алдымен отбасыдағы сенімге негізделген қарым-қатынастан басталады.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ