Орталықтың соңғы жаңалықтары

    Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге орай

    2026 жылғы 11 маусымда «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК психиатр-дәрігері Т.Т. Колйшибеков №3 қалалық емхананың СӨС дәрігері Изим Айдана Садибековнамен және әлеуметтік қызметкер Зябликова Ирина Михайловнамен бірлесіп Басқару колледжінде «Синтетикалық есірткілер, есірткіге тәуелділіктің клиникалық ерекшеліктері, психикалық денсаулыққа әсері» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара 2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге орай ұйымдастырылған нашақорлықтың алдын алу айлығы аясында өткізілді.

    Іс-шара Астана қаласындағы Басқару колледжінің оқытушылары мен студенттеріне арналды. Семинардың негізгі мақсаты – қоғам назарын психикалық әсері бар заттардың жаңа түрлерін қолданудың алдын алуға аудару, есірткі қолданудың теріс салдары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ халық арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру болды. Іс-шара барысында тақырыптық бейнеролик пен таныстырылым  көрсетілді. Ақпаратты аудитория қызығушылықпен қабылдап, спикерлерге сұрақтар қойылды. Кездесу қорытындысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    • 07
    • 08

     

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.