2026 жылғы 5 маусымда «Астана медицина университеті» КеАҚ психиатрия және наркология кафедрасының резидент-дәрігерлері №104 мектеп оқушыларына «Зиянды әдеттердің қауіптілігі» тақырыбында маманмен кездесу форматында профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара «Есірткіге ЖОҚ деп айт!» ұранымен өтіп, психикалық әсері бар заттардың зияны, нашақорлықтың алдын алу туралы хабардарлықты арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар — «Астана медицина университеті» КеАҚ психиатрия және наркология кафедрасының резидент-дәрігерлері:
1016 R Абдигалиева Маржан Адилхатовна
1016 R Қуанышбай Ақниет Нағашбекқызы
1016 R Мухтарова Гаухар Жұматқызы.
Іс-шараны ұйымдастыруға №104 мектеп директорының орынбасары Аружан Батырбекқызы қолдау көрсетті.
Кездесу барысында қатысушыларға есірткі заттарының зияны, олардың адам ағзасына әсері, қолданудың салдары және тәуелділіктің алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынылды. Психикалық денсаулықты сақтау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпарат қолжетімді әрі интерактивті форматта ұсынылды: қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, танымдық ойындар мен сауалнамалар өткізілді. Мұндай тәсіл есірткіні қолданудың теріс салдары мен салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы қажетті ақпаратты жеңіл әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік берді.
Оқушылар талқыланған мәселеге қызығушылық танытып, пікірталасқа белсенді қатысып, мамандарға сұрақтар қойды. Өткізілген іс-шара есірткі заттарын қолдануға деген теріс көзқарасты қалыптастыруға және психикалық әрі физикалық денсаулықты сақтау туралы хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етті.
Іс-шара 2026 жылғы 25 мамыр мен 26 маусым аралығына жоспарланған профилактикалық іс-шаралар кестесіне сәйкес, Дүниежүзілік нашақорлықпен күрес күніне орай «Астана медицина университеті» КеАҚ, психиатрия және наркология кафедрасы және «Психиатрия (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасы ұйымдастырған айлық аясында өткізілді.

