Қалалық психикалық денсаулық орталығында Мейіргер күніне орай дөңгелек үстел мен форум өтті.
Дөңгелек үстел барысында мейіргерлік көмектің сапасын арттыру, мейіргерлердің кеңейтілген практикасы, кәсіби құзыреттерді дамыту, сондай-ақ магистратура мен докторантурада білім алу мәселелері талқыланды. Жоғары білім алған мейіргерлердің рөліне және олардың заманауи денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Іс-шараға «Парыз» мейіргерлер қауымдастығының, «Акниет» кәсіподақ ұйымының өкілдері, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелден кейін форум өтіп, оның аясында үздік тәжірибелер мен үздік мейіргерлер марапатталды.

