Орталықтың соңғы жаңалықтары

12 Мамыр - Психикалық денсаулық бөлімшелерінің кіші медицина қызметкерінен аға мейіргеріне дейін

Психикалық денсаулық бөлімшелерінің кіші медицина қызметкерінен аға мейіргеріне дейін: 30 жылдан асқан еңбек жолы.

Дана Жансылыковна Мукарова бүкіл өмірін медицина саласына арнады. Еңбек жолын 1993 жылы Қарағанды қалалық балалар ауруханасының неонатология бөлімінде бастаған, Еңбекші жастар орталығының медициналық сыныбын аяқтағаннан кейін кіші мейіргер бқызметін атқарады.

1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының мейіргер ісі факультетін үздік тәмамдап, неонатология бөліміндегі жұмысын жалғастырды. Ол бұл салада 13 жыл еңбек етіп, ең кішкентай пациенттерге көмек көрсетті.

Кейін Екібастұз қаласында учаскелік мейіргер болып еңбек етті, ал 2016 жылдан бастап өзінің кәсіби қызметін Астана қаласының психикалық денсаулық сақтау жүйесімен байланыстырды. Бөлімшелердің кезекші мейіргерінен аға мейіргеріне дейінгі еңбек жолынан өтті.

Көп жылдық тәжірибесіне қарамастан, білімін жетілдіруді жалғастырып, 2026 жылдың ақпан айында Қарағанды медицина университетін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр дәрежесін алды.

Бүгінде Дана Жансылыковна Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығының шекаралық және невроздық бұзылыстар бөлімшесінің, сондай-ақ психотерапия және әлеуметтік оңалту бөлімшесінің аға мейіргері болып қызмет атқарады.

Бұл тарих мамандыққа адалдық пен үздіксіз дамудың жарқын үлгісі. Біздің кейіпкеріміздің кәсіби жолының әр кезеңінде мол тәжірибе, үлкен жауапкершілік, пациенттермен күнделікті жұмыс және таңдаған мамандығына деген адалдық жатыр.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ