Орталықтың соңғы жаңалықтары

«Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында шеберлік сыныбымен семинар-кеңес өтті

Бүгін Қалалық психикалық денсаулық орталығында «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында шеберлік сыныбымен семинар-кеңес өтті. 

Іс-шараға бастапқы медициналық-санитариялық көмек мамандары, психологтар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері және психологиялық қолдау орталықтарының мамандары қатысты. Тәуекелдерді ерте анықтау, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ерекше назарды қажет ететін жасөспірімдерді сүйемелдеу мәселелері талқыланды. 

Практикалық бөлімді медицина ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург қаласындағы Психотерапия және медициналық психология институтының ректоры Равиль Назыров өткізді. Шеберлік сыныбы аясында қатысушылар нақты кейстерді талдап, жасөспірімдер арасындағы суицидтік тәуекелдердің алдын алуға арналған құралдарды меңгерді.

Мұндай кездесулер ерте көмек көрсету жүйесін қалыптастыруға ықпал етіп, балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби дағдыларын арттырады.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ