Алайда кейде күтілген нәтиже болмай, ол әсер етпейді деген сезім пайда болады. Тәжірибеде мәселе көбіне магнийдің өзінде емес, оның дұрыс таңдалмаған түрінде, мөлшерінде немесе ағзаның ерекшеліктерінде болады.
Қоспалардағы магний «таза» күйінде болмайды, ол әрқашан басқа молекуламен байланысқан түрде болады. Дәл осы қосылыс түрі оның қалай сіңетінін, ағзаның қай жүйелеріне әсер ететінін және қандай нәтиже беретінін анықтайды. Ендеше, магнийдің қандай түрлері бар және олар қалай әсер ететінін қарастырайық.
Негізгі нысандар
Магний глицинаты. Глицин аминқышқылымен байланысқан және жүйке жүйесін тыныштандырады. Үрей, кернеу, ұйқы мәселелері кезінде қолайлы. Асқазан-ішек жолына жұмсақ әсер етеді. Глицин – тежегіш әсері бар нейромедиатор, ол жүйке жүйесінің қозуын азайтып, ағзаның босаңсуына көмектеседі
Магний таураты. Тауринмен байланысқан және жүрек пен жүйке жүйесін қолдайды. Тахикардия, қысымның ауытқуы, стресс кезінде қолайлы.
Магний малаты. Алма қышқылымен байланысқан және энергия түзілуіне қатысады. Шаршау, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі кезінде қолайлы. Таңертең қабылдаған дұрыс.
Магний треонаты миға өтеді. Зейін, есте сақтау және когнитивтік жүктеме кезінде қолайлы.
Магний цитраты. Жақсы сіңеді, бірақ негізінен ішекке әсер етеді. Көбіне іш қату кезінде қолданылады.
Магнийдің «әсер етпеу» себептері: дұрыс таңдалмаған түрі, жеткіліксіз доза, сіңірілу мәселелері, созылмалы стресс, басқа электролиттердің тапшылығы.
Дозасы: тәулігіне 200–400 мг элементарлы магний қажет. Қосылыстың жалпы салмағын емес, дәл «elemental magnesium» көрсеткішін қарау керек.
Қалай таңдау қажет
үрей, ұйқы → глицинат
жүрек, қысым → таурат
шаршау → малат
есте сақтау, зейін → треонат
іш қату → цитра
Магнийдің әсері оны қабылдау фактісіне емес, түрі мен дозасының дұрыс таңдалуына байланысты.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: бұл жазба медициналық ұсыныс болып табылмайды, бұл – ақпараттық (білім беру) мақсатындағы жазба. Препаратты қабылдау туралы шешімді өз дәрігеріңізбен кеңескеннен кейін қабылдау қажет!
Біздің мамандар көмектесуге дайын!
8-702-075-15-99 (контакт орталығы)
#Магний #ҚПДО #ОйдыҚайтаАйналдыру #Үрей #Психолог


