Белгісіздікке төзбеушілік – бұл адамда айқындық пен бақылау жоқ кездегі жағдайларды көтеру қиын болатын күй.
Қарапайым тілмен айтқанда, «ары қарай не болады» деген нақты жауап болмаған кезде, адамның ішінде бірден үрей пайда болады. Көп адамдар ең жаман сценарийлерді ойынан шығара алмай, бәрін бақылауға тырысады, үнемі кепілдік пен нақты жауап іздейді, қателесіп қалудан қорқып, шешім қабылдауды кейінге қалдырады. «Мұның соңы қалай болады, білмеймін» дегеннің өзі шиеленіс тудырады. Мұнда мәселе жағдайдың өзінде емес, оған берілетін реакцияда екенін түсіну маңызды. Белгісіздік – өмірдің қалыпты бөлігі, бірақ үрей басым деңгейде болған кезде ол қауіп ретінде қабылданад
Бұл неден көрінеді:
– болашаққа қатысты үрей
– өзгерістерден қорқу
– өзгенің пікіріне тәуелділік
– үнемі сенімділікке мұқтаждық
Мұндай күйдің негізі – жоқ жерде 100% кепілдік алуға тырысу. «Білмеймін» дегенді үрейсіз, шұғыл жауап іздемей қабылдау қабілетін қалай дамытуға болатынын келесі жазбаларда айтамыз.
Егер үрей тұрақты сипат алса, бұл маманға жүгінуге себеп болады: 8-702-075-15-99 (контакт орталығы)


