2026 жылғы 3 наурызда «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК акт залында (мекенжайы: Хусейн Бен Талал 7) «Медициналық тексерудің өзекті мәселелері» тақырыбында қалалық дәрігерлік конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК және «Астана медициналық университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасы. Конференцияға 93 адам– аудандық психиатр-нарколог дәрігерлері, бөлімше меңгерушілері, стационар дәрігерлері және медициналық тексеру жүргізу саласында жұмыс істейтін басқа да мамандар, сондай-ақ «АМУ» КЕАҚ резиденттері мен интерндері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Негізгі мақсат – алкогольдік және есірткілік масаңдықты анықтау сараптамасын жүргізудің сапасын арттыру, осы салада жұмыс істейтін дәрігерлерге әдістемелік көмек көрсету.
«Медициналық тексеру рәсімін цифрландыру және ЭСМО жүйесін практикаға енгізу» тақырыбында «АМУ» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Кусаинов Алмас Абихасович баяндама жасады.
Конференция барысында үш баяндама ұсынылды:
«Алкогольдік масаңдықты диагностикалаудың ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндама – резидент Орынбекова Жанерке Ержанқызы, жетекшісі – кафедра ассистенті Шамарданова Ольга Минневакифовна.
«Жаңа психикалық әсері бар заттардан туындайтын масаңдықтың клиникалық-диагностикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндама – 1-017R тобының резиденті Жасұзақова Гүлім Арқатқызы, жетекшісі – кафедра ассистенті Шабденов Мурагер Маратович.
«Ағзаның биологиялық ортасындағы есірткіні айқындаудың сапалық және сандық әдістері» тақырыбындағы баяндама – резидент Бекмухамбетов Дидар Саятулы, жетекшісі – кафедра ассистенті Койшибеков Токтар Төлеуханович.
Конференция қатысушылары баяндамаларды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды және спикерлерден жауаптар алды.
Конференция қорытындысы бойынша барлық баяндамашылар профилактикалық және ағартушылық жұмысқа қосқан белсенді үлесі үшін «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры К.С. Алтынбеков қол қойған алғыс хаттармен марапатталды.
Баяндамалар арасындағы үзілістерде университеттің психиатрия және наркология кафедрасы әзірлеген және оқу процесіне енгізілген оқу бейнематериалдары көрсетілді. Конференция материалдары медициналық тексеру саласында жұмыс істейтін мамандардың чаттарында таралды.
Есірткі және алкогольдік масаңдықты диагностикалау жөніндегі бейнематериалдар. Биологиялық орталарда есірткіні айқындаудың сапалық және сандық әдістері. https://youtu.be/YdLMMD_zBqE -
Медициналық куәландыру жүргізу кезінде алкогольдің мөлшерін айқындау. https://youtu.be/3k0fX0GUmEo

