Орталықтың соңғы жаңалықтары

    Алғашқы тематикалық сессия

    Қалалық психикалық денсаулық орталығы және «Дарын №82» мамандандырылған мектебі арасында жасалған меморандум аясында жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу тақырыбына арналған алғашқы тематикалық сессия сәтті өткізілді.

    Тренинг мектеп оқушыларының ата-аналары мен педагогтарына арналды. Шара барысында қатысушылар:

    • жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез-құлықтың ерте белгілерімен танысты;
    • балаға сенімді қарым-қатынас орнату және қолдау көрсету бойынша практикалық ұсынымдар алды;
    • алаңдаушылық белгілері анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритмін үйренді;
    • отбасының және білім беру ортасының мектеп оқушыларының психологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

    Мұндай іс-шаралар ата-аналар мен педагогтардың хабардарлығын арттыруға, білім беру ортада қауіпсіз және қолдаушы атмосфера құруға, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған.

    ҚПДО мен «Дарын №82» мектебінің бірлескен жұмысы жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдауға және тәуекелді мінез-құлықты алдын алуға бағытталған біртұтас тәсіл қалыптастыруға ықпал етеді.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.