Орталықтың соңғы жаңалықтары

    «Химиялық тәуелділіктің даму сатылары» тақырыбында студенттермен интерактивті кездесу өтті

    2026 жылғы 20 ақпанда Astana International University базасында «Химиялық тәуелділіктің даму сатылары» тақырыбында студенттермен интерактивті кездесу өтті.

    Іс-шара білім алушылар арасында психикалық және мінез-құлықтық денсаулық мәселелеріне саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыс аясында ұйымдастырылды. Университеттің шақыруымен спикер ретінде Қалалық психикалық денсаулық орталығының клиникалық психологы Л.Б. Балтабеков қатысты.

    Кездесу барысында:
    -химиялық тәуелділіктің қалыптасу механизмдері;
    -оның даму сатыларындағы психологиялық және мінез-құлықтық белгілер;
    -жастар арасындағы қауіп факторлары;
    -ерте анықтау мен маман көмегіне уақтылы жүгінудің маңыздылығы қарастырылды.

    Интерактивті формат студенттерге өзекті сұрақтарын қойып, маманнан кәсіби түсіндірме алуға мүмкіндік берді.

    Осындай іс-шараларды өткізу психикалық денсаулықты қорғау саласындағы жүйелі профилактикалық жұмыстың маңызды чубөлігі болып табылады және жастар денсаулығын нығайту бағытындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.




     

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    Хусейн бен Талал көшесі, 7 

    • dummyҚабылдау: 33-17-71

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

    І.Жансүгіров көшесі, 12 

    • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

    • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

    • dummy

    Жаңалықтарға жазылу

    © 2026. All Rights Reserved.