Орталықтың соңғы жаңалықтары

«Сенің болашағыңа нақты не әсер етеді?» тақырыбында есірткіге қарсы әңгімелесу өтті

2026 жылғы 21 қаңтарда психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті Т.Т.Койшыбеков №117 гимназия мектебінің түлектерімен «Сенің болашағыңа нақты не әсер етеді?» тақырыбында есірткіге қарсы әңгімелесу өткізді.

Семинар барысында тәуелділіктің әр түрлерінің себептері мен салдары, олардың денсаулық пен болашаққа әсері, алдын алу жолдары, сондай-ақ синтетикалық есірткі заттарын қолданудың клиникасы мен зиянды салдары ашып көрсетілді.

Осы іс-шараны дайындау және өткізуге «Ересектер және балалар психиатриясы» мамандығы бойынша 013-топтың резидент-дәрігерлері Арапбай Жансәуле Қажымұханқызы және 018-топтың резидент-дәрігері Төлеш Мұхаммедали Жеңісұлы белсенді қатысты.

Профилактикалық акция аяқталғаннан кейін түлектермен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 07
  • 08

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummy

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummy

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ