Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Маулен Сагатханулы Ашимбаев бастаған Сенат делегациясы келді.
Делегация құрамында:
— ҚР Парламенті Сенатының депутаттары,
— ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Т.М. Муратов,
— Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейрханов болды.
Сапар барысында делегация 2022 жылдан бері жұмыс істеп жатқан «Қамқорлық» ерте араласу орталығының қызметімен танысты. Орталық 3 айдан 3 жасқа дейінгі психоневрологиялық және менталдық бұзылыстары бар балаларға амбулаториялық-емханалық оңалту көмегін көрсетеді.
2025 жылдың 11 айында 514 бала оңалтудан өтіп, 39 000-нан астам қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ делегация Психоәлеуметтік оңалту орталығына (ПӘОО) барды. Еңбек терапиясы аясында мұнда 7 емдік-еңбек шеберханасы жұмыс істейді: үш тігін, қолөнер, ағаш шеберханасы, шағын баспахана және көркемсурет студиясы. Қосымша түрде аптасына екі рет музыка және би сабақтары өткізіледі.
2025 жылдың 11 айында орталыққа 189 пациент қабылданып, 186 пациент шығарылды, барлығы 6 063 келу тіркелді. Мұнда ақыл-ой кемістігі, шизофрения, тұлғалық және мінез-құлық бұзылыстары бар пациенттер оңалтудан өтуде.
Бөлімшелерді аралау қорытындысы бойынша елордадағы психикалық денсаулық қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандар мен ересек пациенттердің менталдық бұзылыстары бойынша оңалту жүйесін ел деңгейінде дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берілді.
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК медициналық-әлеуметтік оңалту тәжірибесі республика көлемінде таратылатын болады.

