Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде 2024-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жоспарын іске асыру аясында акция өтті.
Іс-шараға Астана қаласының полиция департаменті жанындағы Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің мүшелері қатысты.
Қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері нарколог Назым Омарова студенттерге нашақорлықтың қалыптасу тетіктері және психикалық белсенді заттарды қолданудың денсаулыққа тигізетін зардаптары туралы айтып берді.
Студенттердің алдында өзін-өзі дамыту және қиындықтарды жеңу бойынша жеке тәжірибелерімен бөліскен танымал актерлер, спортшылар мен блогерлер де сөз сөйледі.
Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттарды таратқаны және қолданғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қалалық психикалық денсаулық орталығының мамандары Қазақстанның жас ұрпақатарының денсаулығы мен болашағын сақтауға көмектесіп, жастармен профилактикалық кездесулерге белсенді қатысуды жалғастырады.

