Орталықтың соңғы жаңалықтары

9 айдағы психикалық денсаулық сақтау қызметінің қорытындысы бойынша кеңес

Бүгін, 2025 жылғы 7 қарашада Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының базасында өткен 9 айдағы психикалық денсаулық сақтау қызметінің қорытындысы бойынша кеңеске қатыстым.

РПДҒПО бас директоры А. Т. Есқалиеваның төрағалығымен және өңірлік психикалық денсаулық орталықтарының басшылық құрамының қатысуымен келесі өзекті мәселелер талқыланды:

  • ПДҚҚ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • психикалық денсаулық саласындағы инновациялық технологиялар;
  • өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін жасаған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бойынша психикалық денсаулық орталықтарының жедел бөлімшелерінің жұмысы;
  • өңірлік психикалық денсаулық орталықтарына мониторинг жүргізуге шығу қорытындылары;
  • өңірлерде телеконсультациялар өткізу және ПДҚҚ мамандарының біліктілігін арттыру мәселелері және т. б.

Кеңес және белсенді пікірталас қорытындылары бойынша еліміздің азаматтарының психикалық денсаулығын қорғау саласындағы көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2025. Design & Development by SITE-PRO.KZ