2025 жылдың 29 қазанында «Медицина» мамандығының 1 курс студенттері — 147, 157 және 159 топтарымен жетекші нарколог-дәрігер Қойшыбаев Тоқтар Төлеуханұлының қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы: «Тәуелділіктің алдын алу: алкогольге, есірткіге, құмар ойындарға және суицидтік мінез-құлыққа қарсы профилактика».
Сонымен қатар, университеттің психологы Садықова Жанна Абдуәліевна да өз үлесін қосып, тәуелділіктің психологиялық қырлары, эмоционалдық тұрақтылық пен уақтылы көмек алу маңыздылығы туралы айтты.
Студенттер денсаулық пен психологиялық әл-ауқатты сақтау жолында құнды білім алды.
Мұндай кездесулер жастардың салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға септігін тигізеді.

