Орталықтың соңғы жаңалықтары

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Директоры лауазымына конкурс жариялау

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Бақылау кеңесі (бұдан әрі – Бақылау кеңесі) Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін күні мен орны: 2025 жылғы 20 тамыздан бастап 2025 жылғы 04  қыркүйек  аралығында 17:30 сағатына дейін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын). Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Хусейн Бен Талал көшесі 7, пошталық мекенжайы: 010000, телефоны: +702-995-49-41  және Кәсіпорының электрондық поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты Астана  қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының психикалық көмек көрсету стандарты мен басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету.  

Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)ересек тұрғындарға психикалық денсаулық саласында амбулаториялық емханалық, стационарлық, стационарды алмастырушы және жедел медициналық көмек түрінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;

2) балалар мен жасөспірімдерге психикалық денсаулық саласында

амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастырушы және жедел медициналық көмек түрінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;

3) ересек тұрғындар және балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінезқұлық әрекеті барысында психикалық денсаулық саласында медициналық әлеуметтік көмек көрсету;

4) алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитариялық ересектерге медициналық патронаж, балаларға медициналық патронаж, жедел және кезек күттірмейтін көмек, тасымалдау барысында медициналық көмек көрсетіп алып жүру;

5) оқу-әдістемелік, консультациялық және сараптамалық медициналық қызмет: еңбекке қабілеттілікке сараптама жасау, кәсіби жарамдылық, профилактикалық және кезеңдік тексеру, психиатриялық сараптама, соның

ішінде соттық-психиатриялық, қорғаныс саласындағы органдардың (әскери медициналық) жолдамасы бойынша денсаулық жағдайына сараптама жасау;

6) дәстүрлі медицина;

7) санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тұрғындармен гигиенаны сақтау туралы сабақ өткізу;

8) диагностика: рентгеноклиникалық, функционалды қызмет:

9) клиникалық зертханалық диагностика: жалпы клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық зерттеу, иммунологиялық зерттеу;

10) ересек тұрғындарға келесі мамандықтар: жалпы психиатрия,психотерапия, офтальмология, оториноларингология, жалпы хирургия, стоматология, невропатология, акушерства және гинекология бойынша консультативті-диагностикалық медициналық көмек көрсету;

11) балалар мен жасөспірімдерге келесі мамандықтар: жалпы психиатрия, психотерапия, офтальмология бойынша консультативті-диагностикалық медициналық көмек көрсету;

12) медициналық оңалту, соның ішінде сауықтыру емдері де: физиотерапия, массаж, емдік денешынықтыру;

13) фармацевтикалық қызмет: тегін рецептілер бойынша амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету аясында Кәсіпорын бейіні бойынша дәрілік заттарды

бөлшек саудада өткізу;

14) наркотикалық заттар, психотропты заттар мен прекурсорлар (денсаулық сақтау жүйесінде) айналымымен байланысты қызмет: наркотикалык заттар, психотропты заттар мен прекурсорларды пайдалану, жою, тарату, сатып алу және сақтау;

15) ғылыми-практикалық жұмыс: негізгі ұйымдастырушылық жұмыс түрлерін, заманауи заттар мен диагностика әдістерін, емдеу мен психикалық және мінез-құлықтық ауытқулардан зардап шегетін тұлғаларды ғылым, техника мен алдыңғы қатардағы тәжірибенің заманауи жетістіктеріне негізделген әлеуметтік-еңбектік оңалту және емдеу әдістерін игеру және тәжірибеге енгізу;

16) психикалық және мінез-құлықтық ауытқулардан зардап шегетін тұлғаларға сауықтыру емін және медициналық оңалту аясында пациенттердің еңбектік қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерінде (психоәлеуметтік оңалту орталығы) және тәуелділіктен емдеу бойынша бөлімшелерде қызмет көрсету;

17) психикалық және мінез-құлықтық ауытқулардан зардап шегетін тұлғаларға алмастырушы қолдаушы терапияны ұсынуды көрсету пунктінде

көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмек;

18) психикалық және мінез-құлықтық ауытқулардан зардап шегетін тұлғаларға анонимді емдеу кабинетінде көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмек.

19) психикалық және мінез-құлықтық ауытқулардан зардап шегетін тұлғаларға уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығында көрсетілетін

көмек;

20) әлеуметтік тұрғыда толығымен бейімсіз науқастарды ауруханаға жатқызу және күтім көрсету (пациенттермен және олардың туысқандарымен

келісім-шарттар негізінде);

21) алкоголь, наркотикалық және мас болудың басқа да түрлері бойынша

медициналық куәләндіруін жүргізуді өткізу;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде ақылы негізде медициналық, медициналық-әлеуметтік көмек көрсету:

- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейтін,

кәсіпорын бейіні бойынша медициналық қарап тексеру, психиатор-нарколог

дәрігердің қорытындысы, Check-up пакеттер, мамандар консультациясы, физиоемдеу, психологиялық қызметтер, диагностика, зертханалық қызметтер, массаж, кәсіпорын бейіні бойынша жайлылығы жоғары қызметтер (ақылы палаталар).

23) Психикалық, мінез-құлықтық бұзылыстармен (бұдан әрі - ПМБ) адамдарды медициналық-әлеуметтің оңалту бөлімшесі және тәуелділікті әлеуметтік оңалту бөлімшесінің қызметі:

- ПМБ-мен адамдарды еңбекпен оңалтуды және әлеуметтендіруді;

- ПМБ-мен адамдарды жұмысқа орналастыруға және олардың әлеуметтік

қамтамасыз ету мекемесінде немесе кәсіпорында  мамандық алуына көмектесуді;

кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қаупі

жоғары көздергебайланысты жұмысты қоспағанда еңбек қызметтің кез келген

түрін ұйымдастыруды көздейді.

24) ПМБ-мен адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту және

психикалық затқа тәуелді адамдарды адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту процесінде жүргізілетін тауарлар мен қызметтерді психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйым өткізеді.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің Қаржы-шаруашылық нәтижелеріне толық жауап береді. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігіне бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығының жай-күйі статистикасын, халық денсаулығының жай-күйі, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздері және денсаулық сақтауды басқару жүйелері, санитарлық ағартуды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру, адамның тіршілік ету ортасының факторлары, Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); не «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Денсаулық сақтау «немесе» Бизнес және құқық «немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;не» Бизнес, басқару және құқық «даярлау бағыты бойынша жоғары білім және» денсаулық сақтау » даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; оқу орнынан кейінгі  экономикалық білім;   Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 

Бос лауазымға конкурс ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020.05.27 № ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»бұйрығының талаптарына сәйкес өткізілетін болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2025 жылғы 20 тамызынан бастап 2025 жылғы 04 қыркүйек 17:30 сағатына дейін.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;

) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

7) Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер;

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
  2. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей мөрленген конвертте ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
  3. Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
  4. Бақылау кеңесі ұсынылған құжаттарды «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандықтардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы белгіленген бұйрықпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 32320 болып тіркелді және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 1-тармағының 3) тармақшасында және 26-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша хатшы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізу кестесін қалыптастырады.
  5. Рұқсат алмаған конкурсқа қатысушыларды бұл туралы хатшы кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
  6. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін байқау кеңесі кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі.

 

Сұхбат келесі кезеңдерден тұрады:

1) кәсіпорынды дамытудың презентациясы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау. 

Кәсіпорынның дамуын таныстырған кезде үміткер кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдау жасайды және оларды шешу бойынша ұсынылған шараларды ұсынады.

Құзыретті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу үшін қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 8-702-075-15-99

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2025. Design & Development by SITE-PRO.KZ