Орталықтың соңғы жаңалықтары

Қазақстандықтар шизофрения диагнозынан неге қорқады?

Астанада «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының қолдауымен дөңгелек үстел отырысы өтіп, онда дәрігерлер, сарапшылар және қоғам өкілдері ашық диалог форматында шизофрения диагнозы қойылған адамдарға көмектің неге кеш көрсетілетінін талқылады.

— Адамдар аурудан емес, диагноздан көбірек қорқады. Бұл науқас пен көмек арасында үлкен тосқауыл туғызады, — деді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатры Елена Полиенко.

Оның айтуынша, шизофренияны емдеудің заманауи әдістері ұзақ ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал мұндай адамдар сырт көзге өзгелерден еш айырмашылығы жоқ. Алайда диагноздан, тіркеуге қою туралы мифтер мен қоғамның теріс көзқарасынан қорыққан адамдар көмекке жүгінуге батпайды.

Дәрігерлер мен сарапшылар бұл тақырып әлі де стереотиптермен шектелгенін мойындайды. Сол себепті «Гедеон Рихтер» компаниясы халықты ақпараттандыру бағытында белсенді жобаларды жүзеге асырып келеді.

Шынайы әрі ғылыми негізделген ақпарат көбейген сайын, қорқыныш азайып, қолдау артады.

Көзқайнар: @qazaqshanews

Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!

Debug: specified directory - https://www.qpdo.kz/images/025news/06/02.06/05

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 33-14-06, 57-50-01

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2025. Design & Development by SITE-PRO.KZ