Дұрыс емдеу тәсілдері қолданылған жағдайда шизофрения диагнозы қойылған адам белсенді әрі әлеуметтік өмір сүре алады. Алайда, бұл туралы көпшілік әлі күнге дейін білмейді, бұл аурудан қорқады, сондықтан көбіне оның белгілерін мойындай бермейді.
— Заманауи медицина бұл бағытта айтарлықтай ілгеріледі. Қазіргі препараттардың көмегімен 30 пайыз және одан да көп жағдайларда тұрақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар, — деді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатры Елена Полиенко «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының қолдауымен өткен дөңгелек үстел барысында.
Бүгінде Қазақстанда тек симптомдарды жеңілдетіп қана қоймай, пациенттің когнитивтік және әлеуметтік функцияларын қалпына келтіруге қабілетті инновациялық антипсихотиктер қолжетімді.
Көзқайнар: @Ortalyq.news