Орталықтың соңғы жаңалықтары

Заманауи психиатрия және стигматизация мәселелері: дөңгелек үстел отырысының қорытындысы

Заманауи психиатрия және стигматизация мәселелері: дөңгелек үстел отырысының қорытындысы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 24 миллионнан астам адам шизофрения диагнозымен өмір сүріп жатыр. Қазақстанда бұл дертпен шамамен 40 мың адам тіркелген.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Алтынай Есқалиева шизофренияны күрделі, бірақ басқаруға болатын ауру деп атап өтті.

Оның айтуынша, ерте диагностикалау мен уақытылы емдеу пациенттің өмір сапасын айтарлықтай жақсартады.

– Терапияның негізі – антипсихотикалық препараттар. Сондай-ақ когнитивті-бихевиоралды терапия, психоәлеуметтік қолдау, жұмыс табуға және оны сақтауға жәрдемдесу, бейімделуге арналған түрлі тренингтер мен отбасының қатысуы да тиімді. Қоғамның қолдауы мен түсіністігі пациенттердің бейімделуінде шешуші рөл атқарады, – деді ол «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының қолдауымен өткен дөңгелек үстел отырысы барысында.

Пациенттерге білікті көмек Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында және еліміздегі 20 өңірлік орталықта қолжетімді.

Көзқайнар: @aqparattv

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 33-14-06, 57-50-01

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2025. Design & Development by SITE-PRO.KZ