Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеуге арналған «Walk The Talk» кең ауқымды спорттық акциясына қатысу туралы фотоесеп.
Іс-шара 7 сәуірде Ботаникалық бақта өтті, онда елорданың медициналық мекемелерінің, ауруханалары мен емханаларының, сондай-ақ медициналық оқу орындары мен университеттерінің өкілдері қатысты.
Астанада акция Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарованың, ДДҰ Еуропалық бюросының өңірлік директоры доктор Ханс Клюге, түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қ. Өміралиевтің қатысуымен өтті.
Қалалық психикалық денсаулық орталығының клиникалық базасында психиатрия және наркология кафедрасында практикадан өтіп жатқан университеттің 5 курс студенттеріде болды.
Әр түрлі спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізілді.
Марафон өтті.
Психиатрия және наркология кафедрасында өткізілетін тәрбие жұмысы аясында аталған іс-шараға 544 және 546 топ студенттері белсенді қатысты.