Психиатриялық блок

«Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК психиатриялық блогы психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға жоғары кәсіби профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, емдеу, медициналық-әлеуметтік және оңалту көмегін көрсетеді. Халыққа мамандандырылған психиатриялық көмек ересектерге де, балаларға да көрсетіледі.

Психиатриялық қызметті жетілдіру мақсатында дәлелді психиатрия қағидаттарына негізделген психиатриялық көмектің әлеуметтік бағдарланған моделі енгізілді. Орталықтың халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) және ТМККК-ге кірмеген медициналық қызметтерді көрсету бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті кәсіби, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгерген қажетті материалдық-техникалық базасы, тұрақты мамандар ұжымы бар.

Психиатриялық блоктың қызметі психикалық және мінез–құлық бұзылыстарын диагностикалау мен емдеудің заманауи құралдарын, әдістерін, сондай-ақ ғылымның, техниканың және озық тәжірибенің заманауи жетістіктеріне негізделген науқастарды әлеуметтік-еңбекпен оңалтуын дамытуға және тәжірибеге енгізуге бағытталған. Психикалық мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың қоғамдық қауіпті әрекеттерінің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

Құрметпен, орталық әкімшілігі



ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия):

Бейсенбі- балалар үшін сағат 10:00-ден бастап

                Ересектер үшін сағат 14:00-ден бастап.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 33-14-06, 57-50-01

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2025. Design & Development by SITE-PRO.KZ