«Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК базасында Астана қаласының тұрғындары үшін «Қамқорлық» ерте араласу орталығы жұмыс істейді, оның негізгі қызметі баланың дамуының ерте кезеңдерінде (3 айдан 3 жасқа дейін) кешенді оңалту көмегі болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, 3 жасқа дейін баланың миы өте иекемді және оңалту емін жақсы қабылдайды. Оны неғұрлым ерте бастасаңыз, мүгедектіктің дәрежесі соғұрлым жеңіл болады және баланың өз дертін жеңу мүмкіндігі жоғары болады.
Орталық ай сайын 50-ге дейін баланы қабылдайды, оңалту курсы 21 күнге созылады.
Ерте жастағы оңалтудың үздіксіз жүргізілуі қажет болғандықтан, балаларға әр 2–3 ай сайын оңалтудан өтуге мүмкіндік бар.

Ерте араласу орталығы 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларды мынадай диагноздармен қабылдайды:
Сал ауруының барлық түрлері
*ОЖЖ-нің өзге нақтыланған зақымданулары (қимыл-қозғалыс бұзылыстары синдромы, мерзімінен бұрын туған балалар, гипоксия, асфиксия алған балалар, БЦС даму қаупі бар балалар)
- Когнитивтік функциялардың, сөйлеудің, мінез-құлықтың бұзылыстары; ПСДК, СДК (сөйлеу дамуының кешеуілдеуі), АСБ
- Дауна синдромы
- Туа біткен даму ақаулары
- Нейроинфекцияның салдарлары
- Мидың өзге нақтыланған зақымданулары
- Қимыл-қозғалыс бұзылыстарымен жүретін жарақаттардың салдарлары
- МҚЖБ дан кейінгі резидуалдық кезеңдегі жағдай
Көрсеткіштер бойынша балаларды мына дәрігерлер кіретін мамандардың бүкіл көпсалалы тобы бақылайды:
- Дәрігер невропатолог
- Дәрігер реабилитолог
- ЕДШ дәрігері
- Суродолог дәрігер
Педагогикалық құрам:
- маман дефектолог
- логопед маманы
- маман кәсіби терапевт
- балалар психологы
Ал ЕДШ және БДШ нұсқаушылары мамандарының бүкіл командасы
Орталықта 2 тамаша ЕДШ залы және «Механотерапия» залы бар. ЕДШ залдары үшін ең заманауи және қажетті жабдықтар сатып алынды: функционалды «Бобат» кушеткалары, қалыппен емдеуге арналған түрлі жұмсақ модульдер, маттар, валиктер, бұрыштар, тренажерлар – «иппотренажер», «Мотомед» тренажері, «Атлант» пневмо-костюмдері, «Корвит» аппараты, көптеген вертикализаторлар. Сондай-ақ залдарда компьютерлік-ойын тренажерлары бар... Мамандар-дефектологтар кабинеттерінде түрлі дамытушы құралдар, панельдер мен ойыншықтардан бөлек, балаларға арналған 150-ден астам дамытушы ойындары мен тапсырмалары бар интерактивті сенсорлық үстел орнатылған. Эрготерапия залы Мария Монтессори әдістемесіне арналған барлық түрдегі ойыншықтар мен оқу құралдарымен жабдықталған. Монтессори ерте дамыту әдістемесі бойынша біздің мамандардың міндеті – баланың қызығушылықтарына бейімделу. Балаға ойлау, таңдау және әрекет еркіндігін беру өте маңызды. Бұл кабинетте тыйымдар жоқ, бала қателесуге құқылы, осылайша онда дербестік қалыптасады. Сондықтан барлық оқу құралдары баланың өзі таңдай алатындай етіп сөрелерге орналастырылады. Логопед мамандар дәстүр бойынша сөйлеуді қоюмен және сөйлеу бұзылыстарын түзетумен айналысады, сондай-ақ біздің логопедтер дұрыс шайнауды, жұтынуды, күлімдеуді, былдырлауды және алғашқы сөздерін айтуға үйретеді. Логопед мамандар кабинеттері кушеткалармен, айна, арнайы үстелдермен, зондтармен, дамытушы шулы ойыншықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ орталықта ерте жастағы есту бұзылыстарын анықтау және скрининг жүргізу үшін Аудиометрия аппараты бар. Физио-ем-шаралары үшін «Посейдон құрғақ Флоатинг ваннасы» деп аталатын су емдеу жабдығы қарастырылған, ол науқасқа максималды демалуға мүмкіндік береді, салмақсыздық, денені жылыту, орау және гидромассаж әсерін сездіреді. Бұл ванна төмендегідей: қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары, жүрек-қан тамырлары мен иммундық жүйе проблемалары, әртүрлі шығу тегіндегі ауырсынулар және жарақаттар жағдайларда көрсетіледі.
«Камкорлык» орталығы мамандарының маңызды міндеті – ата-аналармен де кең көлемді жұмыс жүргізу, оларға күнделікті қарапайым әрекеттер мен қозғалыстарды үйрету: баланы қалай дұрыс көтеру, тамақтандыру, киіндіру, отырғызу және т.б., себебі оңалтудың ерте кезеңінде ұсақ-түйек нәрселердің өзі маңызды. Орталықтың қағидасы – үйде қайталау және үйрету үшін ата-ананың сабаққа қатысуы.

ЕДШ залы жеке сабақтарға арналған, мұнда ЕДШ нұсқаушылары сабақ өткізеді. Бұл залда маталарда, арнайы кушеткаларда валиктер мен бұрыштарды пайдалана отырып, қалыппен емдеу жаттығулары жүргізіледі

БДШ залы жүруді үйрету және жаттықтыру, үйлестірумен тепе-теңдікті дамытуға арналған. Жүру қимылын жақсарту: қадам биіктігі мен ұзындығын арттыру. Сондай-ақ бұл залда күш, икемділік, ептілік және төзімділік дамытылады.



Механотерапия залы, онда балаларға мынадай тренажерларда жаттығу жасау мүмкіндігі бар: MOTOmed велотренажері, Корвит аппараты, Родео иппотренажері, компьютерлік-ойын тренажерлары.

Эрготерапия залы – бұл кабинетте балаларға қарапайым, тұрмыстық және күнделікті дағдыларды үйретеді. Мұнда балаға қажетті күнделікті әрекеттерді: тамақтану, киіну/шешіну, өзін-өзі күту және басқа да көптеген әрекеттерді меңгеруге көмектеседі

Дефектолог кабинеті – мұнда ойлау, зейін дамыту, дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар ұсақ және нәзік моториканы жаттықтыру жүргізіледі

Логопед кабинеті: Бұл орын балаға сөйлеуді дамытуға көмектесетін кабинет: алғашқы дыбыстар, сөздер мен сөйлемдер айта бастайды. Сондай-ақ логопед маман дұрыс шайнауды және жұтынуды үйретеді, ал ата-аналарға дұрыс тамақтандыруды үйретеді…
Оңалту курсына қатысу үшін қажетті құжаттар мен талдаулар тізімі:
Құжаттар тізбесі:
Оңалту курсына қатысу үшін қажетті құжаттар мен талдаулар тізімі:
- Ата-ананың паспорты немесе жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме)
- Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме)
- Баланың атынан сенімхат, нотариалды куәландырылған (егер күтуші ата-ана болмаса)
- Реабилитологқа консультацияға жолдама 3 кезеңдік оңалтуға (КМАЖ 097/у формасы, мөрмен басып шығарылған нұсқасы)
- Баланың даму тарихы туралы амбулаторлық картадан толық үзінді
- Невропатолог дәрігерінің консультациялық парағы, реабилитацияға ұсыныстарымен
- Қажет болған жағдайда тар мамандардан қорытынды: кардиолог, ортопед, нейрохирург, психиатр, ПМПК қорытындысы
Талдаулар тізбесі:
- Жалпы қан талдауы (10 күн)
- Жалпы несеп талдауы (10 күн)
- Г/ж нәжіс талдауы (10 күн)
- Эпидемиологиялық орта туралы анықтама (3 күн жарамды)
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша сіз 08:00-ден 17:30-ға дейін хабарласа аласыз
Біз І. Жансүгіров көшесі, 12/7 мекенжайындамыз
Тіркеу нөмірі: 54-77-79

