Дағдарыс орталығының сенім телефоны 8 (7172) 54-76-03

Наркологиялық блок

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның наркологиялық блогы наркология, психиатрия, психотерапия мамандықтары бойынша амбулаториялық және стационарлық көмек көрсетеді.

Қазіргі әлем жағдайында тәуелділіктің жаңа аурулары пайда болуда. Тәуелділік ауруының ерекшелігі ол өте жымысқы келеді, одан емделу үшін белгілі бір уақыт керек. Көбінесе тәуелділіктен зардап шегетін адамдар мамандандырылған көмекке мұқтаж.

Өкінішке орай, пациенттер көбінесе ауыр салдар қалыптасқанда ғана наркологиялық көмекке жүгінеді. Сондықтан наркологтар көмекке дер кезінде жүгінуді ұсынады: адам емделу шешімін ертерек қабылдаса, жазылуы да жеңіл болады. Жүгінгеніңізді құпия ұстауға кепілдік береміз, осыны білгеніңіз маңызды.

Қалалық психикалық денсаулық орталығының қызметі психикалық белсенді заттарға тәуелділіктен зардап шеккен пациенттерді оңалтуға бағытталған. Нашақорлық, алкоголизм, құмар ойындарына тәуелділік проблемасы бір адамның ғана емес, күллі отбасының проблемасы. Өйткені тәуелділіктен зардап шеккен адам өзін ғана емес, айналасындағының бәрін, туыстары мен жақындарын бақытсыз етеді. Сондықтан біздің Орталықта тәуелді адамды оңалту үрдісінде науқастың отбасына баса назар аударып, психотерапевтік жұмыс жасайды.

Қалалық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогы Қазақстан Республикасының наркологиялық бейіндегі ұйымдарының рейтингісінде үздіктер қатарында. Алкоголь, есірткі, құмар ойындарына тәуелділіктен зардап шегетін науқастарға тиімді мамандандырылған көмекті Орталықта жоғары білікті нарколог дәрігерлер, психотерапевттер, психологтар көрсетеді.Тәуелділіктен зардап шегетін адамдарға медикаменттік препараттардан басқа заманауи психотерапевтік технологиялар, пациентті оңалту алды қолдаумен сапалы рецидивке қарсы емді кеңінен пайдалануды көздейді.

Ортақ тәуелді адамдарға отбасының тәуелді мүшелерімен сындарлы өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін курстық жеке және топтық психотерапияны алу мүмкіндігін береді.

Алкоголизм және нашақорлықпен байланысты проблемаларды шешу – бұл тек наркологиялық қызметтің ғана міндеті емес. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен әр адамның өз денсаулығы үшін ынтымақтасқан жауапкершілік көзделеді. Сондықтан әр азамат өз денсаулығына жауапты болуы, оны нығайтуы және тәуекелге салмауы тиіс, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысу қажет!

Зиянды әдетсіз өмірді лайықты бағалаңыз, сонда Сізде бақытты өмір үшін елеулі көп уақыт пен мүмкіндік пайда болады!

Бұл үшін сіз біздің сайттан қажетті ақпарат тауып, оны өз қажетіңізге жарата алатыныңызға үміт артамыз.

Деніңіз сау болсын! Адам денсаулығы басты байлық екенін жадыңыздан шығармаңыз!

Құрметпен, Орталық әкімшілігі

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.